Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5227 21 пікір 17 Қыркүйек, 2020 сағат 12:30

Реформаторы жоқ Реформалық кеңестен не күтеміз?..

Осы аптаның басында Президент Тоқаевтың арнайы Қаулысы бойынша, Реформалар жөніндегі арнайы кеңес құрылды. Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, аталған кеңес елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау, экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында құрылған көрінеді.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында экономика, өнеркәсіп, қаржы, әлеуметтік және басқа да салаларда түбегейлі реформалар жүргізу туралы міндеттер қойған болатын. Оның үстіне, халықтың тұрмысы мен елдің экономикалық жағдайына байланысты реформа жасау ауадай қажет екенін аңғарамыз.

Бірақ сол реформаны кім жасайды? Бүгінгі жүйенің ұзақ уақыт бойы қалыптасқан мимырт тіршілігіне еті үйреніп қалған шенділер жаңа жүріс жасауға дайын ба? Халық емге дәрі, тамаққа ақша таппай жатқанда, бюджет қаржысын пиар жасау үшін жұмсайтын қазақ билігі түбегейлі реформа жасап, түрленіп сала береді дегенге кім сенеді?

Көпшілік үлкен үміт күтпесе де, президент реформа жасау жөнінде кеңес құрды. Оған жетекшілік етуге аттай қалап алыстан Сума Чакрабарти деген маманды шақырды. Сегіз жыл бойы Еуразиялық даму және қайта құру банкін басқарған үндістандық енді Тоқаевпен бірге су жаңа кеңеске басшылық жасамақ.

Әлемдік деңгейдегі экономисті кеңесші етіп алғанымен, реформа жөніндегі кеңестің ірі өзгерістер жасай қоюы екіталай. Себебі кеңестің өзге мүшелеріне қарап, «қоянды көріп, қалжасынан түңілгендей» болдық. Кеңес мүшелерінің бәрі ескі жүйенің адамдары. Тың идея, жаңа көзқараспен іске кіріседі дегенге сену қиын. Тіпті, бәрі бұрынғы жұмыстарында сәтсіздікке ұшырап, қызметінен қуылғандар (отставка).

Жаңа кеңеске көне кадрладың мүше болуына таңғалудың қажеті де жоқ шығар. Үкімет таратылса, министрлер кресло ауыстырғаннан әріге бармайтын, «Алпысбайдың» орнына «Жетпісбай» жайғасып, «жаңа үкімет» жасақталатын Қазақстанда бұдан өзгені күтудің өзі артық. Енді жоғарыда айтқанымыздай, бір қызметтен қуылып, екінші қызметке тағайындалып жүре беретін «супершенділер» жайлы сөзімізді жалғайық.

Кеңес мүшелері:

Асқар Мамин – Үкімет басшысы

Асқар Маминнің өмірбаяны: отбасы, лауазымдары, марапаттары, әскери шені

54 жастағы Асқар Ұзақбайұлы 1996 жылдан бері үлкен қызметтерде жүрген көнекөз басшы. Осы аралықта Астананың орынбасар әкімі, әкімі, көлік және коммуникациялар вице-министрі, министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының» президенті болған. 2016 жылы вице-премьер, 2019 жылы премьер министр болды.

2019 жылы 21 ақпанда Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев Сағынтаев үкіметінің үш жылдық қызметін түкке алғысыз етіп сынады. 2016 жылдан бастап үш жыл бойы Сағынтаевпен тізе қоса жұмыс істеген премьер-министрдің бірінші орынбасары Мамин де отставкаға кеткен. Демек, Асқар Мамин вице-премьер ретінде қызметінен қуылған деген сөз.

Ерлан Қошанов – Президент Әкімшілігінің жетекшісі

Ерлан Кошанов потребовал от акима Караганды рано вставать: 10 апреля 2018, 17:30 - новости на Tengrinews.kz

58 жастағы Ерлан Жақанұлы да қазақ билігінің көне кадры. Вице-министр болған, премьер-министр кеңсесінде ұзақ жыл басшылық қызмет атқарған. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды ​​облысының әкімі болды. Ал 2019 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған.

Ерболат Досаев – Ұлттық банк төрағасы

Цены на продукты выросли в Казахстане | Finance.kz

50 жастағы Ерболат Асқарбекұлы нағыз «отқа салсаң жанбайтын, суға салсаң батпайтын» әмбебап басшы. Жиырма неше жасынан бастап үлкен қызметтер атқара бастаған. Ірі баркир, бірнеше министрлікті басқарған. Қаржы вице-министрі, денсаулық сақтау министрі, экономикалық даму және сауда министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ұлттық экономика министрі, премьер-министрдің орынбасары. 2019 жылы ақпанда Премьер-министрдің орынбасары лауазымымен отставкаға кетті. Бірақ сол уақыттан бері Ұлттық банкті басқарып келеді.

Қайрат Келімбетов - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттік төрағасы

Кайрат КЕЛИМБЕТОВ: Будущих пенсионеров прошу не беспокоиться

51 жастағы Қайрат Нематұлы да Қазақстан үкіметінің түрлі креслосын тоздырған адам. Дәл қазіргі қызметін (Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы) 1999-2001 жылдары да атқарған. Қаржы министрлігінде бірінші орынбасар болған, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін, Президенті Әкімшілігін, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын» басқарған. Экономикалық даму және сауда министрі, Ұлттық банкінің төрағасы болды. Дәл осы кісі Ұлттық банкті басқарған кезде теңгенің құны терең құзға бір күнде бірақ құлаған болатын.

Мәдина Әбілқасымова – ҚР Қаржы нарығын басқару және дамыту Агенттігінің төрағасы

Экс-министр труда Мадина Абылкасымова получила новую должность — новости на сайте Ак Жайык

42 жастағы Мадина Ерасылқызы да мансабын мінсіз атқарып жүрген кісі емес. Әсіресе еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен абыроймен кеткен жоқ. Әбілқасымова министр болып тұрғанда Астанада бес бала өртенген трагедия орын алып, көпбалалы аналардың наразылығы өршіді. Дәл осы жұмыста жүріп қызметінен қуылған. Ал оған дейін экономикалық даму және сауда вице-министрі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған.

Әсет Исекешев – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Президент көмекшісі

Әсет Исекешевтің өмірбаяны: қызметі, отбасы - фото

49 жастағы Әсет Өрентайұлы мың түрі қызметтің басын шалған өте әмбебап адам. Қазірдің өзінде бұрынғы президент пен қазіргі президенттің қасында қатар жүр. Бұл кісінің атқарған қызметтерін толық атап шығу мүмкін емес, өте көп. Ең бастылары: президенттің көмекшісі, Индустрия және сауда министрі, премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Астана қаласының әкімі, Президент Әкімшілігінің басшысы болған. Және бұл кісі биліктегі мемлекеттік тілді бастауыштық деңгейде білетіндер қатарынан.

Тимур Сүлейменов – ПӘ жетекшісінің орынбасары

Сулейменов Тимур Муратович — заместитель руководителя Администрации Президента Республики Казахстан

42 жастағы Тимур Мұратұлы су жаңа кеңестің «ең жас» мүшесі. Бес жыл шетелде оқып, ана тілін ұмытып қалған Сүлейменов те бүгінге дейін біраз жұмыстың басын қайырды. Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму мен сауда вице-министрі, Ұлттық экономика министрі, Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары, президенттің көмекшісі болды.

Тимур Құлыбаев – «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы

Кәсіпкерлік – әмбебап дағды: Тимур Құлыбаев мектеп оқушылары мен студенттерді білім күнімен құттықтады | Inbusiness

54 жастағы Тимур Асқарұлы жоғарыдағылармен салыстырғанда биліктен гөрі бизнеске жақын. Бірақ біздің елде билік пен бизнестің бірігіп кеткені ешкімнен жасырын емес. Министр немесе әкім болмады демесеңіз, Құлыбаев та биліктен құралақан адам емес. Елдің мұнай-газ және энергетика кешендерін тізгіндеп отыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ», «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» сынды ірі экономикалық орталықтарды басқарған. Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі. Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы.

Міне, реформалар жөніндегі арнайы кеңес мүшелері осылар. Аты реформалық кеңес болғанымен, бірде-бір реформаторды көріп тұрған жоқпыз. Мүшелердің көбі билікте ұзақ уақыт жүрген, мемлекет басқару ісінде жасарын жасаған, тың ойы, жаңа идеясы тасып жатыр деуге келмейтін көне есімдер. Сол үшін де бұл кеңестің атағы Алатаудай болғанымен, атқарар рөлі қай деңгейде болатыны қазірше белгісіз.

Бұл кеңестен әлдебір үміт күтетіндер мүмкін кеңестің орынбасар төрағасы Сума Чакрабартиге сенетін шығар. Бірақ үндістандық экономист бар назарын біздің елге аудармайтын секілді. Сума мырза Тоқаевпен қатар, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевке де кеңесші болыпты.

Сума Чакрабарти жайлы өткен мақаламызда жазған едік

Сума Чакрабарти. Что известно о новом советнике Токаева: 14 сентября 2020, 20:11 - новости на Tengrinews.kz

Ақорданың ақпаратынша, Чакрабартидің Ұлыбритания мемлекеттік қызметі жүйесіндегі ірі реформаларды әзірлеуде тәжірибесі мол көрінеді. Сонымен қатар ол дамушы нарықтар мәселелері бойынша өз ісінің маманы-мыс.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы ретінде С.Чакрабарти аталмыш қаржы институтын ауқымды жаңғырудан өткізген. Ол басшылық еткен жылдары бұл мекеме Қазақстанға 9 млрд. доллар көлемінде инвестиция салыптыЕҚҚДБ мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті, «жасыл экономика» мен шағын және орта бизнесті реттеу мен дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуде маңызды консультативтік көмек атқарған.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504