Жұма, 18 Қыркүйек 2026
3623 2 пікір 18 Қыркүйек, 2020 сағат 11:51

СҚО-да құс тұмауы өршіді

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) "жоғары патогенді құс тұмауының тарауына байланысты" тұмаумен күрес шаралары басталғанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 9-16 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданы: Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов және Мағжан Жұмабаев атындағы аудандарда үй құстарының өлімі тіркелген. Бұл аудандардағы 10 елдімекен карантинге жабылған.

"Ұлттық референт орталығы құстардың өліміне жоғары патогенді құс тұмауы себеп болғанын анықтады. Ережеге сәйкес, Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына аурудың өршігені туралы хабар берді" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің айтуынша, аймаққа вакцина әкелініп, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, құс өліктері жойылады. 17 қыркүйектен бастап құс өнімдерін аймақтан шығаруға тыйым салынды.

Ресеймен шекаралас аудандарда малдарға вакцина салу үшін "жоғары патогенді құс тұмауынан қорғайтын 873 мың отандық вакцина дозасы бөлінген". Тұмаудан өлген үй құстарының иелеріне билік өтемақы төлеуге уәде берді.

Өткен аптаның соңында ақпарат құралдары Солтүстік Қазақстан облысының кемінде үш ауданында үй құстарының өлімі тіркелгенін хабарлаған еді.

29 тамызда Қазақстан құс тұмауына байланысты көрші Ресейдің Омбы облысынан құс өнімдерін әкелуге шектеу қойған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, инфекция ауылдық жерлердің жартысында анықталған, әлі де тарап жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1311
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2877
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 968
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 902