Сенбі, 23 Қараша 2024
2669 2 пікір 20 Қыркүйек, 2020 сағат 12:39

Ресей эстрадасының жұлдыздары Лукашенконы қолдайтын клипке түсті

Ресей мен Беларусь әншілері президент Александр Лукашенконы қолдайтын клипке түсті.

Олардың арасында Филипп Киркоров, Николай Басков, Александр Буйнов, Анита Цой, Денис Майданов және басқа да ресейлік әншілер бар.

Видео "Аура" тобының ютуб-арнасында жарияланды. Клипке Беларуь эстрадасының Александр Солодуха, Алёна Ланская, апалы-сіңлілі Груздевтер және Руслан Алехно сынды әншілері қатысты.

Әнде Лукашенко есімі аталмады, бірақ қайырмасында президенттің сайлау қарсаңында айтқан "Сүйіктіні тасмамайды" (Беларусь туралы) сөзі бар.

"Здесь мы живем, будут жить наши дети, в мире, любви и согласии — вместе" - деп шырқады екі елдің әншілері. Роликке пікір жазу функциясы қосылмаған, оған лайк және дизлайк қоюға да болмайды.

Клипке түскен әнші Николай Басков жақында Минскіде Лукашенко жақтастарының форумында ән салған, ал Киркоров Беларуьске сайлауалды науқан кезінде келіп, президентті қолдайтынын ашық айтқан.

Лукашенко 9 тамызда өткен сайлауда жеңіске жетті деп жарияланды. Алайда Беларусь оппозициясы мен наразылық акциясына шыққан мыңдаған адам сайлаудың ресми нәтижесімен келіспейді. Олар Лукашенконың биліктен кетуін талап етіп отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475