Сенбі, 23 Қараша 2024
2881 1 пікір 24 Қыркүйек, 2020 сағат 10:50

Милиция Минскіде наразыларды тарату үшін суатқыш қолданды

Минскіде Александр Лукашенконың инаугурациясына қарсы жиналғандарды тарату үшін суатқыш қолданды.

Куәгерлер Беларусь астанасының орталығында атыс болғанын хабарлады деп жазады Tut.By. Онда қарсылық акциясына шыққандарды қатыгездікпен ұстаған. Қосымша күш құрылымдары келгеннен кейін, атыстың дауысы естілген. "Интерфакс" оқты ауаға қарай атқан болуы керек деп болжам жасайды.

Сәрсенбі күні күш құрылымдары наразы халықты Ұлы Отан соғысы музейінен кері қуған. Зардап шеккендер туралы ақпарат бар.

"Минск батыр қала" ескерткіші маңына бес-жеті мың адам жиналғаны хабарланған. Бірақ кейін ол жерге әскер барып, халықты ығыстырып, адамдарды жаппай ұстай бастады деп хабарлайды Азаттықтың Беларусь қызметі.

Кешкі сегіздер шамасында қарсылық білдіргендер бірнеше көшені жауып, көлік қозғалысын тоқтатты деп хабарлайды Nexta телеграм-каналы.

Беларусьте наразылық шаралары жалғасып жатқан шақта Александр Лукашенко ант беріп, президент қызметіне кірісті. Инаугурация рәсімінің болатынын көп адам білмеген. Оның өтетіні жайлы алдын ала хабарланбады. Мемлекеттік "Белта" агенттігінің жазуынша, "салтанатты рәсім" 23 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында өткен.

Лукашенко беларусь тілінде ант берген. Бұдан соң ант бергені жайлы актіге қол қойып, орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина оған Беларусь республикасы президентінің куәлігін тапсырған.

"Настоящее время" арнасының хабарлауынша, сәрсенбі күні таңертеңнен бастап Минск тұрғындары Тәуелсіздік сарайы алдында әскери техника мен сарбаздар тұрғанын көрген. Инауграция жайлы сыбыс шықса да саясаткерлер оны жоққа шығарған.

Елде 9 тамыздан бері наразылық шаралары жалғасып келеді. Наразылар президент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп есептейді. Олар Лукашенко отставкаға кетіп, елде жаңадан әділ сайлауы өтуі тиіс дейді.

66 жастағы Беларусь басшысы наразылыққа шыққандарды күшпен басып, көптеген азаматтар қамау орындарында азаптауға ұшырағанын айтқан.

Бұған дейін оппозиция жетекшісі Светлана Тихановская инаугурация өткізу заңсыз болады деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394