Президент Эммануэль Макрон 22 қыркүйекте БҰҰ-ның Бас ассамблеясы жиынында Франция мұсылман топтардың жағдайына алаңдап отыр деді.
БҰҰ-ның есебінше, Қытай Шыңжаң өлкесінде саяси лагерьлер ашып, онда бір миллионнан астам ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды қамауда ұстаған. Пекин бұл орталықтарды экстремизммен күрес мақсатында ашқанын айтып, оған қамалғандар жаңа кәсіп үйреніп шығады дейді. Батыстағы зерттеу орталықтары мен адам құқығын қорғау ұйымдарының мәліметінше, лагерьлерде азаптау, зорлық-зомбылық көрсету, еркінен тыс жұмыс істету және өзге де адам құқығын өрескел бұзу жайттары бар.
Қытай билігі АҚШ-ты және Батыс елдерін Шыңжаңдағы мәселені асыра сілтеп көрсетеді дейді. Бірақ БҰҰ мен Батыс елдерінің өкілдерін Шыңжаңға кіргізбей отыр.
Ұйғырлар – Шыңжаң өңірінде тұрып жатқан ең ірі байырғы этникалық топ. Онда ұйғырлармен бірге түркітілді өзге де мұсылман топтар: қазақ, қырғыз, тәжік, дүнгендер тұрады.
АҚШ бұған дейін Шыңжаңдағы қысымға қатысы бар деп Қытайдың біраз шенеунігіне және бейнебақылау камераларын және технология жасайтын компанияларына санкция салған.
Abai.kz