Аймағамбетовті аяқтан шалмайық!
Білім және ғылым минстрлігіне Асхат Аймағамбетов келгелі білім саласында біраз өзгерістер болды. Соның бірі ретінде «сауат ашу» деген дұрегей атаудың құрбаны болып кеткен 100 жылдық тарихы бар «әліппе» атауының халықпен қайта қауыштырғанын атауға болады. «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей, халықтың талабын ескеріп, әліппе атауын қайта тірілткені үшін жұртышылықтың Аймағанбетовқа алғысы шекісіз.
Екінші тұрғыдан алғанда, оқтыушылардың жалақысы көтерілді. Әрине, ұстаздардың айлығы қазір жоғары деп айта алмаймын, бірақ бұрынғымен салыстырғанда өсті. Басқасын білмеимін, қай мемлекет болса да, ұстаздар мен дәрігергерлердің жалақысы жоғары болуы керек. Қазақстан бұл мәселеге әлі де баса назар аударуы керек деп ойлаймын.
Үшіншіден, Аймағамбетовтың аты бар, заты жоқ, диплом сататын жоғары оқу орындарын жабуға әрекет жасады. Бір бөлімін жапты да. Бұл туралы мемлекет басшысы Тоқайев та әлде неше мәрте айтқан. Сәтіне басқанда «керекке терек жығылып», Тоқайевтің тапсырмасына Аймағамбетовтың батыл қадамы дөп келді. Сөнымен, кейбір жеке меншік оқу орындары жабылды, кейбірі жабылу алдында тұр. «Даудың басы дайрабайдың көк сиыры» дегендей, осы істен соң Аймағамбетовқа шүйліккендер көбейді. Олардың арасында депудаттар да бар. Әншейін де елдің тағдыры, жеткіншектердің қамы үшін мәу демейтін, тіпті халық атын да білмейтін кейбір депудаттар өре тұрегеліп, Аймағамбетовқа айқайлап шықты. Білім және ғылым министрлігін сынады, жоқ жерден сылтау іздеп, Аймағамбетовтың «аяғын шағуға» тырысты. неге? себебі жабылған және жабылғалы тұрған кейбір жеке меншік оқу орындарының дені сол депудат, министрлердікі немесе соны ашқан қалталыларға «көке» болып отырғандар. Тегін келіп жатқан ақшаны Аймағамбетов ойламаған жерден кесіп тастаған соң, туламай қайтсын, жоқ жерден жік шығарып, Аймағамбетовке шүйлігіп жатыр. Бұл тұспалымыз өтірік болса неге айғай көбейіп кетті?! Ал халық Аймағамбетовті қолдап отыр.
Төртіншіден, Аймағамбетов келгелі жоғары оқу орындарындарындағы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық азайып келеді. Бір мысал айтайын: менің бір досым осыдан бұрын 3 рет магистратураға емтихан тапсырып, оқуға түсе алмады. Емтиханнан өтеді, бірақ соңында жоғары жақта көкесі, оқу орнында танысы, онан да маңыздысы, әлде кімдерге беретін 2000 доллары жоқ болған соң, түсе алмаған. Ал биыл онлайн емтихан тапсырды, 101 нөмір алып, КАЗГУ-ге оқуға түсті. Ешкімге бір тиын ақша берген жоқ, ешкімді іздеген жоқ. Міне бұл да білім саласындағы тағы бір оң өзгеріс.
Сондықтан, біз Аймағамбетовты қолдаймыз. Оның тіпті де батыл қадамдар жасап, білім саласындағы былық пен шылықты жоғалтып, оң өзгерістер жасауын шын жүректен үміт етеміз. Биілік те өз мүдесі үшін Аймағамбетовтың артынан шам алып түсіп жүргендердің айтағына еріп, Аймағамбетовты орнынан алып тастамай, қолынан іс келетін жігітке уақыт беру керек.
Мен мұны Аймағамбетовқа жағымсып жазып отырғам жоқ. Ол жігітті БАҚ-тан көргенім болмаса, танымаймын. Бірақ істеген істері көкейге қонымды. Ұлтымыздың болашағы, ұрпақтарымыздың ертеңі үшін оны қолдаймын. Ал сіздер не дейсіздер?!
Қалиакбар Үсемханның әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz