Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
3535 2 пікір 28 Қыркүйек, 2020 сағат 11:04

Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. 

«Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан жанжалды бейбіт жолмен шешу үшін көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

«Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз»,- деді ҚР СІМ.

Айта кетейік, 27 қыркүйек күні таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісіп, Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Әзірбайжан да бүгіннен бастап соғыс жағдайы енгізілгенін мәлімдеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1185
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2713
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 833
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 804