Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3187 0 пікір 28 Қыркүйек, 2020 сағат 16:02

Қашықтан оқудың қиындықтары...

ҚР Білім және ғылым министрі

А.Аймағамбетов мырзаға!

Мектептердегі бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту методикасы жетілдіруді талап етеді. Қазіргі қолданыстағы Telegram, WhatsApp, Zoom, Microsoft Teams платформаларының әрқайсысының өзіндік артықшылықтары да, өзіндік кемістіктері де толып жатыр. ЕLearning Industry келтірген деректерге қарағанда 2001 жылдан бүгінгі 2020 жылға дейінгі электрондық білім беру шешімдерінің нарығы 1000 пайызға дейін жаңарыпты. Қашықтықтан оқыту мүмкіндіктері оның құралдарымен бірге алдағы жылдарда өсе түсетіні анық. Осындай жағдайда электрондық құрылғылардың да әралуандығын ұмытпайық. Компьютер, ноутбук, планшет, кәдімгі қалтафон, оның смартфон, айфон түрлері. Оқушыларға арналған бірыңғай гаджеттер керектігі көзге ұрып тұр.

Орта мектептерде қашықтықтан оқытудың үлкен минустарының бірі - сабақ мерзімі мен бос уақыттың шекарасы белгіленбеген. Бала сабақты үйде оқу арқылы мектепте оқуға тиісті дәрістерді меңгеріп, үй тапсырмасын орындап, өзін жетілдіріп отыруға тиіс. Осы жерде тек техникалық емес психологиялық та кемістіктер қылаң береді. Айталық, барлық пән мұғалімдеріне тән ортақ кемшіліктерді алайық. Қай пәннің де мұғалімі өз пәнін бәрінен маңызды санайды. Олардың көпшілігінде: «Бала үйде отыр ғой, уақыты көп, сондықтан тапсырманы үйіп-төгіп беру керек!» деген ой қалыптасқан. Сабақ үстінде жаңа тақырыпты игерді ме, игермеді ме, ары қарай өздерің оқып алыңдар деген сыңаймен балаға итере салады.

Содан бала мектептегі сабақты орындайды, үй тапсырмасын жасайды. Кейбір мұғалімдер тіпті ақылға сыймайтын көлемде тапсырмалар береді. Арасында үйде сызатын, жасайтын жұмыстар да толып жатады. Қосымша сабақтар, түрлі жобаларға қатысу, байқаулар тағы бар. Кітап оқу керек дейміз. Соның салдарынан баланың ойнауы, демалуы, өзін жетілдіруі, ұйықтауы түгілі тамақ ішуге уақыты тапшы болып жатады. Тәулігіне 12-14 сағат екі көзі смартфонда отырады. Балаларға жаның ашиды. Екі көзден не қалады?

Балаға білім денсаулығы болса ғана керек. Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру керек дейтініміз де сондықтан.

Марат Байділдаұлының жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322