Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
6023 0 пікір 1 Қазан, 2020 сағат 16:15

Өзбекстан 1 қазанда барлық халықаралық жолды ашты

1 қазанда Өзбекстан әуе, темір жол және автожолдарын ашты. Өткізу бекеттерінде санитария талаптары сақталуы тиіс. Мұндай шешімді 17 қыркүйекте республикалық арнайы комиссия қабылдаған.

Бұл уақытта, Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі 29 қыркүйекте Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасы 1 қазанда ашылады деген мәліметті жоққа шығарды. Ресейдегі өзбек азаматтары Қазақстан арқылы елге оралғысы келген.

Өзбекстанға кіру тәртібіне сәйкес, 1 қазанда Өзбекстанға Қазақстаннан, Түркіменстаннан, Тәжікстаннан және Ауғанстаннан шекарадағы автожолмен бақылау-өткізу бекеттері арқылы кіретін азаматтар коронавирус бар-жоғы туралы анықтама көрсетуі тиіс. Одан соң олар үйде немесе қонақ үйде 14 күн карантинде отыруы керек.

"Жасыл аймақтарда" (Қытай, Таиланд, Малайзия, Оңтүстік Корея, Грузия, Венгрия, Финляндия, Латвия, Австрия және Жапония) 14 күн болған азаматтар Өзбекстан аумағына еркін кіреді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1139
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2668
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 785
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 756