Дональд Трамп коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.
"Бүгін бірінші ханым екеумізде COVID-19 оң нәтиже көрсетті. Біз карантин мен қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге жеңеміз!" - деп жазды Дональд Трамп Twitter-де.
Бұған дейін АҚШ президентінің кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус расталғаннан кейін Дональд Трамп карантинге жатқызылды. Ол COVID-19 тестілеуінің нәтижесін күтіп отырғаны хабарланған болатын.
"Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстен COVID-19 расталды. Қорқынышты! Біз бірінші ханыммен бірге тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақытта біз карантин процесін бастаймыз!" - деп жазды Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін БАҚ өкілдері Хикстің Трамппен 29 қыркүйекте пікірсайысқа және 30 қыркүйекте Миннесота митингіге барғанын хабарлаған болатын.
Abai.kz