Қазақстанда індеттен 182 мед.қызметкер қайтыс болған
Қазақстанда пандемия кезінде 182 медицина қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
- Қазақстанда COVID-19 және пневмониядан 182 медицина қызметкері қайтыс болды. Алайда, өңірлік комиссиялар өтемақы алуға 54 өтінімді мақұлдады, олар бойынша өлім-жітім кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты,- деді Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, COVID-19 және пневмониямен барлығы 12 830 медицина қызметкері ауырған. Оның ішінде 8339-ы кәсіптік қызметке байланысты медицина қызметкерлері.
Ал, медициналық қызметкерлердің 88% - ы немесе олардың жалпы санының 3421-і өтемақы алған.
Abai.kz