Сенбі, 23 Қараша 2024
3252 9 пікір 3 Қазан, 2020 сағат 18:27

Армения сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақ бойынша келіссөз жүргізуге дайын екенін хабарлады

Ереван дербестігін жариялаған Таулы Қарабақтағы атысты доғару үшін, ЕҚЫҰ-ның Минск тобының арағайындығымен, 1994-1995 жылдардағы келісім негізінде келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Арменияның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Армян сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Әзербайжанның Таулы Қарабаққа қарсы күш қолданғанын, Түркияның Арменияға қарсы әскери қимылдарға араласқанын сынады. Ереван жанжалды бейбіт жолмен шешкісі келеді, бірақ Әзербайжан агрессиясын тойтаруды тоқтатпайды, делінген мәлімдемеде.

Баку армян СІМ-нің мәлімдемесіне әзірге пікір білдірмеді.

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 2 қазанда әзербайжандық жауынгерлер Таулы Қарабақтағы стратегиялық маңызды шоқыға бекінді. Тәуелсіздігін әлемдік қауымдастық мойындамаған республика шекарасында түнімен атыс болғанын Армения қорғаныс министрлігі де растады.

27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжанның Таулы Қарабақтағы әскери жанжалы қайта тұтанды. Екі елде де әскери жағдай жарияланды. Ондаған адам қаза тапты, олардың арасында бейбіт тұрғындар бар.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364