Қазақстан криминалистері Интерпол академиясында оқиды
Қазақстанның криминалистері қылмысты ашудың жаңа дағдыларын меңгеру үшін Интерполдың виртуалды академиясында оқуды бастады. Бұл туралы inform.kz сайты жазды.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораздың айтуынша, қазақстандық полицейлер басқа да елдердің криминалистерімен өзара байланыс жасау мүмкіндігіне ие болған.
«Полицияның негізгі міндеттерінің бірі – қылмыстарды ашу және тергеу. Бұл жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы қазан айында Интерполдың виртуалды академиясы базасында биометрия арқылы қылмыстарды ашу дағдыларын ашу үшін біздің криминалистерімізді оқыту басталды.
ДНК-профильдер мен дактилоскопиялық деректермен оларды табу мақсатында адамдарды бейнелерді алмасу жұмысы әзірленді. Қатысушылар биометриялық деректермен халықаралық алмасу туралы дағдылармен білім алады.
Алдағы уақытта Интерполдың қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да бағыттар бойынша вебинарларын өткізу жоспарланып отыр», - деді Нұрділдә Ораз.
Abai.kz