Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3949 1 пікір 25 Қыркүйек, 2020 сағат 15:54

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мақұлданды

Жақында Парламент Мәжілісінің жалпы отырсы өтті. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жиналыста депутаттардың бастамашылығымен дайындалған бірқатар заң жобаралы талқыланып, мақұлданды.

Атап айтқанда «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы», сондай-ақ, оған ілеспе заң жобалары талқыланып мақұлданды.

Аталған заң жобасының басты мақсаты, еліміздегі отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шараларды жетілдіру болып табылады. Нақытырақ айтқанда, отбасылық зорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың құқықтық, институционалдық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік басым бағыттарын бұрынғыдан да жетілдіре түсуді басты назарға алады.

Жаңадан мақұлданған осы заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді шараларды жетілдіріп, жауапты органдардың құзыреттері бұрынғыдан да нақтыланды. Депутаттар отбасылық әлімжеттіліктің алдын алу шараларын жетілдіре түсу нормаларын негізге алды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған заң жобасы жайлы өз пікірін білдіріп, заң жобасының Президенттің тапсырмасымен, депутаттар бастамашы болуымен дайындалғанын айтты.

Нұрлан Зайроллаұлының айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан аумағында түрлі тұрмыстық дау-жанжалдар көрсеткіші бұрынғыдан өсіп кеткен. Ал бұл жағдай дамыған елдерде жол беруге болмайтын маңызды мәселе саналады. Сол үшін Президенттің тапсырмасымен және депуттаттардың бастамашылығымен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы дайындалып отыр. Аталған құжаттағы жаңа нормалардың арқасында бүкіл ел көлеміндегі отбасылық жанжалдармен халық болып, қоғам болып күресуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз ел халықының амандығын, денсаулығын, өмірін қорғау үшін маңызды. Сондай-ақ, ел болашағы - балалардың ертеңі, амандығы үшін де өте қажетті құжат саналады. Сол үшін де бұл заң жобасы өте маңызды болып отыр.

Біз өз тарапымыздан да «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасының қоғам үшін өзекті екенін айтқымыз келеді. Шынымен де соңғы жылдары отбасылық зорлы-зомбылық жайлы жиі сөз болып жүр. Кейбір азаматтар өзге отбасы мүшелеріне агрессиялық қарым-қатынас жасауды әдетке айналдырғаны өкіншіті. Бұл ең алдымен отбасында өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндердің психологиясына кері әсер етері сөзсіз. Сонымен қатар, күш қолдану бір тапатың денсаулығына әсер етсе, екінші жағынан заңдық жауапкершілік те қузастырылатыны сөзсіз.

Сол үшін де Мәжіліс қабырғасында біз сөз етіп отырған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы талқыланып, қабылданып отыр. Бұл құжат құқық бұзушылардың заңдық жауапкершілігін ғана емес, агрессиялық мінез-құлқын өзгерту үшін психологиялық тұрғыдан да әрекет ететін болады. Сол арқылы отбасылық зорлық-зомбылыққа барған азаматтардың мұндай әрекеттен бас тартуына мүмкіндік жасалмақ.

Сонымен қатар, отбасылық зорлық-зомбылыққа барып, құқық бұзушылық жасаушыларға қатысты бірқатар жаңа талаптар жаңа заң жобасына енгізілді. Осы арықылы құқық бұзушылық орын алған кезде полиция қызметкерлерінің оларды бақылауда ұстауы жөніндегі құзыреті бұрынғыдан күшейу, сондай-ақ, құқық бұзушылықтың алдын алуы үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың құзыреттерін нақтылай түсу мәселесі де талқыланды.

Біз сөз етіп отырған заң жобасы отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің құқықтарын және қауіпсіздік қамтамасыз етуді басты назарда ұстайды. Сонымен қатар құжатта обасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша заңнаманың сақталуын және қоғамдық бақылауды күшейту мәселелерін бір ретке келтіруді қарастырады.

Мәжілс депутаттары мақұлдаған «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы әлеуметтік маңызы бар құжат деп есептейміз. Өйткені өркениетті заманда өмір сүріп жатқан әр елде азаматтардың амандығы мен денсаулығы қашанда бірініш орында тұруы керек. Сол үшін отбасында орын алған зорлық-зомбылық оқиғалар жеке отбасының ішкі ісі деңгейінен, жалпы халықтың бақылаудың қорғауындағы маңызды түйінге айналдыруымыз керек.

Бәріміз білетіндей, қазір ел билігі азаматтардың тұрмыс өресі мен өмір сүру деңгейін көтеруге баса мән беріп отыр. Онда ел тұрғындарының материалдық және рухани байлығын арттыру және заңдық білімдерін жоғарылатып, өз-өзін қорғау білігін қалыптастырудың маңызы зор. Ендеше басты заң шығарушы орган - Парламент қабырғасында қабылданған әрбір заң жобасының азаматтардың жайлы өмірі үшін маңызы зор. Жоғарыда біз сөз еткен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы да қажет кезінде қабылданған құнды құжат деп есептейміз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371