Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
3186 0 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 15:21

Қазақстанмен Өзбекстан бірлесіп, Түркістанның туризімін дамытады

“Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан қаласының халықаралық дәрежедегі туристік орталыққа айналатыны туралы жазды.

Бұған дейін Елбасы, Нұр Отан партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барып, шаһардағы бірнеше жаңа нысандарды аралаған болатын. Бауыржан Байбектің айтуынша, Елбасының Түркістан облысын құруы және облыс ортаығы ретінде Түркістан қаласын белгілеуі маңызды һәм айтулы оқиға болып табылады. Себебі, Елбасы осындай іргелі ісі арқылы бабалар рухына тағзым етіп, тұтас түркі әлеміне құрмет көрсете білді.

Бұған дейін Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде түгел түркінің басты ордасы Түркістан екенін айтып өткен болатын. Елбасының бұл сөзі Түркістан облысының туристік әлеуетін көтеретін маңызды қадамға бастар жол деп айтуға болады.

Демек, бүгінде халқы тығыз орналасқан, әлеуметтік мәселелері шиеленіскен Түркістан өңірін қайта жандандыру үшін іргелі істер атқарылып жатқаны да айта кету керек.

Сонымен қатар, Бауыржан Қыдырғалиұлы болашақта Өзбекстанның туристік облыстарына маршруттар жүретінін айтып өтті.

 Бауыржан Байбек, “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

 -Тоғыз жолдың торабы ретінде Түркістанның мүмкіндігі мол. Көрші Өзбекстанмен жасасқан келісімге сәйкес, Хорезм, Бұхара, Түркістан, Самарқанд, Ташкент облыстарындағы туристік орындарға бірлесе отырып туристік маршрут ашылады. Сол жұмыстың нәтижесінде Түркістан қаласы энергетикалық тұрғыдан дербес, тас жолмен қамтылған, газ құбырлары тартылған, әуежайы бар туристік өңір болады. Мұның барлығы тек ана тарихқа тағзым емес, өңірдің жалпы әлеуметтік мүмкіндіктерін дамытуға жол ашады,- деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Байбек мырзаның айтуынша, Түркістан өңірі осылайша заманауи тұрғыда жаңа серпін, аңа тыныс алып жатыр. Бұл өз кезегінде Қазақ хандығының рухани орталығы болған, барша түркінің басты ордасы Түркістанға жасалған құрмет екені рас.

Сонымен қатар, бүгінде өз алдына бөлек республикалық маңызды статус иеленген Шымкент қаласы да жаңаша түрленіп қана қоймай, сол жерде тағы да үлкен халықаралық дәрежедегі орталық салынып жатқан көрінеді. Бұл да өз кезегінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі екені баса айтылды.

Бүгінде жаңа мегаполис атанған Шымкент шаһары тіршілігі қайнаған құрылысы алаңына айналған. Тарихи қаланың бет-бейнесі өзгеріп, еңсесі көтеріліпті. Елбасы аталған өңірді аралау барысына бірқатар жаңа нысандардың ашылуына қатысып, көзайым болды.

Сол нысандардың бірі – халықаралық әуежай. Аталған әуежай жылына 3 миллион жолаушы өткізетін мүмкіндікке ие. Сонымен қатар, аталған ірі нысандардың ішінде 7000 адамдық “Түркістан Арена” стадионы да бар. Одан бөлек, “Алатау медиа орталығы”, 1000 адамдық “Конгресс Холл” концерт залы, музейлер мен театрлар және Визит орталықтар бар.

Ал, шаһардағы барлық құрылыс Юнеско тарапынан Ясауи кесенесіне қойылатын талаптарға сай жасалған. Бұл дегеніңіз аталған нысандар киелі кесенеден биік болмайды, еңсесін түсірмейді деген сөз.

Демек, алдағы уақытта Түркістан халықаралық деңгейдегі туристік орталыққа айналады деуге толық негіз бар.

Бүгінде барша әлемді алаңдатып отырған пандемияның әкелген дағдарысына қарамастан Түркістан өңірінде туризмді дамыту үшін осындай іргелі істер атқарылып жатыр. Бұл өз кезегінде еліміздің туристік әлеуетін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар екенін айғақтайтындай. Себебі, ел экономикасына туризм саласыныңы тигізер пайдасы шаш етектен. Демек, алдағы уақытта да Қазақстан өзінің бай табиғаты мен тарихи орындарын осылайша туризмнің орталығына айналдыруы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963