Сенбі, 23 Қараша 2024
1696 0 пікір 14 Қыркүйек, 2020 сағат 19:04

Қазақстан мен Ресейдің әскери мұражайлары «Жеңіс» ерліктерін бірге дәріптейді

Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Ресей ҚК Орталық мемлекеттік мұражайымен екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Abai.kz» ақпараттық порталы хабарлайды.

Аталмыш іс шара Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Орталық мемлекеттік мұражайының «Жеңіс» залында өткен. Оған ҚР Ұлттыұ әскери-патриоттық орталықтың басшысы Орынбасар Қарабаев пен Орталық мұражай директоры Александр Никонов қатысқан. Бұл мұражайаралық  ынтымақтастық және серіктестік келісімінде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы екі ел жауынгерлерінің ерліктерін келешек ұрпаққа насихаттау, архивтік құжаттар мен Кеңес сарбаздарының жауынгерлік ерліктерін дәріптейтін мұраларды жеткізу, сондай-ақ, бірлескен көрмелер ұйымдастыру секілді бірқатар мәселелер қамтылған.

Аталған іс шара барысында екі тарап Отан соғысы жылдары аты аңызға айналған қазақстандық Панфиловшылар дивизиясының  жауынгерлік еліктері туралы тарихи материалдарды жинастыру, Мәскеу шайқасының 80 жылдығына және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес астанасын қорғауда асқан ерлік көрсеткен жауынгерлерді мәңгі еске сақтау үшін қолға алынған ортақ фотоқұжаттық көрме жасауға келіскен.

Меморандумға қол қою кезінде РФ Қарулы күштерінің Орталық мемлекеттік мұражайының директоры Александр Никонов екі ел арасындағы бұл келісім өз кезегінде мемлекеттер арасындағы достық байланысты одан сайын нығайта түсетінін айқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525