Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
3804 10 пікір 14 Қазан, 2020 сағат 13:35

Пашинян: Түркия позициясын өзгертпесе, атыс тоқтамайды

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Қарабақтағы қақтығысты тоқтату келісімін Түркия бұзды деп мәлімдеді.

Пашинянның айтуынша, Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтатуға Әзербайжанды соғысты жалғастыруға итермелеп отырған Түркия кедергі келтіріп отыр.

"Мен Түркия өзінің позициясын өзгертпейінше, Әзербайжан ұрыс қимылдарын жүргізуді тоқтатпайтынына сенімдімін", - деді Пашинян.

Еске салайық, 10 қазанда Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалған болатын. Алайда сол күні екі ел Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылғанын мәлімдеген еді.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 944
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1270