Сенбі, 23 Қараша 2024
2326 2 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 13:37

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы 12,2%-ке төмендеді

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы осы жылдың 8 айында 12,2 пайызға төмендеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 027,4 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 12,2 пайызға азайды. Оның ішінде экспорт – 3 348 млн АҚШ доллары (18,6 пайызға азайды), импорт – 8 679,4 млн АҚШ доллары (9,5 пайызға азайды) болды.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,4, Қырғызстан Республикасына – 4,0, Беларусь Республикасына – 3,5, Армения Республикасына 0,1 пайыздан келеді«, - деп атап өтеді комитеттен.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529