Сенбі, 23 Қараша 2024
2990 3 пікір 19 Қазан, 2020 сағат 11:06

Парижде қаза тапқан мұғалімді еске алуға мыңдаған адам жиналды

Жексенбі күні Францияда мыңдаған адам 16 қазанда қылмыскердің қолынан қаза тапқан мұғалім Самюэль Патиді еске алды. Полиция мұғалім өлімін теракт деп зерттеп жатыр.

Халықаралық француз радиосының мәліметіне қарағанда, ірі манифестациялар Париж, Лион, Бордо, Старсбург, Лилль, Нант, Марсель және басқа да қалаларда өткен.

Париждегі Республика алаңына жиналған мыңдаған адамның арасында елдің премьер-министрі, білім министрі, Париж мэрі және басқа да саясаткерлер болды.

Акцияларды сатиралық Charlie Hebdo басылы мен мұғалімдердің кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды. Қатысушылар сөз бостандығын жақтап, елде заңдардың сақталуын талап етті.

47 жастағы Самюэль Патиді Мәскеуде туылған Абдулла атты 18 жастағы шешен қашқын өлтіргенін француз билігі мәлімдеді. Қол салған күдікті полиция тарапынан өлтірілген. Оқиға Парижде 16 қазанда болған.

Ақпаратқа қарағанда, тарих және география мұғалімі сөз еркіндігін алға тартып, Charlie Hebdo журналы жасаған Мұхаммед пайгамбардың карикатурасын көрсеткен.

Бұл іс бойынша 11 адам қамалды. Арасында мұғалімге қол салған адамның туыстары және исламшыл активист Абделаким Сефриуи де бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498