Қажымұқан Ғабдолла. ...Жаңаөзен жанымызды жаралады...
«Арғымақ байлап не керек,
Артынан жабы жеткен соң...»
...Жаңаөзен жанымызды жаралады...
Ішкеніміз - ірің, жегеніміз - желім болды... Ас батпады, ұйқы қашты...
Жаңаөзен жазығы түгіл, Маңғыстауды маңайлаудың өзі мұң болды...
Мыңдар ойланып, жүздер жүрексінсе де, Мұхтар Шахановты ешкім тоқтата алмады. Шаханов шамданып, Ақтауға аяқ басты...
Өңірдің жаңа басшысы, бұрынғы полиция серкесі, сірә, шаруаның түгелін жиып қойып, «Шатақ Шахановты шылбырлау!» операциясымен ғана айналысқандай әсер қалдырды...
Күндіз-түні Мұхтар ағамыз арнайы бөлім қызметкерлерінің мұқият аңдуында, жіті «қамқорлығында», көз алдында жүрді... Ақыры, қолында қаржысы мен қаруы бар бишігіштер қайсарды қия бастырмады, қияс сөйлетпеді. Жол бойында сымда тізіліп отырған қарғалардай қаптаған құқықшылар Жаңаөзен бағытында 130 шақырым жүрген Мұхтар Шахановты сан мәрте тоқтатып, «құжаттарды тексеру» мен «тұлғаларды анықтауға» алтын уақыттың түгелін «жем қылды»...
Жаңаөзен ақиқатын анықтауға тырысушылық - Шахановтың жеке басына да, «Руханият» партиясына да таяқ болып тиді. Бірақ, кешегі кесепат кеңестің құқайынан қаймықпаған Шахановтың ғазиз басы бәрібір ешкімнің алдында иілмеді: қайраңда тұрып, қайғысын айтты; жаба-жастанып, шерін шығарды...

...Билік болса, білгенін істеді: алдымен, «Руханият» партиясының Мәжіліс пен маслихат депутаттығына кандидаттарының тізімін тіркеуден бас тартты. «Сотқа береміз!» деген әңгімеден кейін, артық шудан сескенген билік «қоқан-лоққыдан» қорыққан сыңай танытып, бұл кедергіден әупірімдеп әзер өткізді...
Сосын, «Руханият» партиясының жиналыстарына бармауға жасырын түрде жарлық берілді. Бірақ, қалың бұқараны қалпақтың астына тығып қоя алмайсың.
Таяуда Мұхтар Шаханов Түркістанның киелі топырағында халықпен кездесті. Кісі қарасы лезде құрым болды, жиналған жұрт адуынды ақын, абзал азаматын аяқтарынан тік тұрып, ұзақ қол шапалақтаумен қошеметтеп, қарсы алды. Бір қызығы, ауызы-мұрны лықа толған залдағы адамдардың басым көпшілігі «нұротандықтар» болып шықты. «Мұхтар аға, біз әрқашан сізбен біргеміз!» - деп, айқайлап, Шахановқа жат кеп жабысқан «нұротандықтардың» бұл қылығын білген басшыларының бірнешеуі ауруханадан бір-ақ шыққан көрінеді...
Артынша билік «Руханият» партиясының зейнеткер төрайымының шырт ұйқысын бұзып, Алтыншаш Жағанованы Астанадағы «Дипломат» кешенінде түннің жарымында «съезд өткізуге» көндірді. Айдың жарығымен өткен съезде зейнеткер әжемізді қайтадан «серкелікке» сайлап жіберіпті...
Иә, Жағанова «жағаға жармасып» жатқанда, Астананың түбіндегі Қоянды ауылында Мұхтар Шахановты арнайы кездесуге шақырған оралман қандастарымыз жергілікті биліктен орта мектептің залын сұрап ала алмай, ақиық ақынды қарапайым отбасында қонақ етуге мәжбүр болды. Ақынның әңгімесін тыңдауға «М.Шахановпен орта мектеп залында кездесуге рұқсат бермеген» аудан әкімінің орынбасары мен ауыл әкімі де келіпті. «Ауылдың іші қаптаған тұмау, сізді жұқтырып, ауырып қалмасын дедік!» - деп, ақынның алдында ақталған бишікіштердің байғұс болмысына қалай ренжірсің?!.
Талас жоқ, қазір екі шындықтың басы ашық. Біріншісі, егер Мұхтар Шаханов «Руханият» партиясына кіріп, оның шынайы рухани көсеміне айналмағанда, бұл партияның «мұрты да қисаймай» сайлауға қатысып, бәлкім, 0,05 пайыз дауыс та жинауы әбден ықтимал болатын. Яғни, зейнеткер апамыздың мазасын ешкім алмас еді. Екіншіден, адамгершілік тұрғысынан алсаңыз да, әділ қарастыратын болса, заңдық деңгеймен қарастырсаңыз да - Алтыншаш Жағанованың «Дипломатта» жұлдыздарды санап өткізген шұғыл жиналысы ешқандай дипломатияның шеңберіне тура келмейді. Дәлірек айтсақ, бұл съезд - заңсыз, деп жариялануға тиіс...
...Түптеп келгенде, биліктің тақиясына шындық деп шыңғырған жалғыз Шаханов симай тұр ғой. Тұлпары «тапталған», сұңқары «қақталған» зәрәзеп заманның кәззәп кейпіне не дерсің?!. Тек қана іштен тынып, күшпен «күліп», күн өткізесің...
...Осыдан оймақтай үш ғасыр бұрын ғұмыр кешкен қазақтың атышулы шешені, биі әрі төкпе ақыны Ақтайлақ былай депті:
Арғымақ байлап не керек,
Артынан жабы жеткен соң.
Сары ала қылыш не керек,
Мұқатып дұшпан кеткен соң.
Ағайын-туған не керек,
Аңдысып күні өткен соң.
Қызыл тілім сөйлеп қал,
Қызығыңды жер көрер,
Санаулы демің біткен соң.
Айтты дейтін жұрт қайда?
Айтатұғын біз қайда?
Бір төбенің басында,
Көме тастап кеткен соң...
Ат туады биеден,
Алып туар анадан.
Ажал келсе бір күні,
Айырар қатын-баладан.
Сиыр жисаң қарадан,
Қатық кетпес шарадан.
Ақылдыдан би болса,
Адаспайды жобадан.
Ақымақтан би болса,
Екі қолын айырмас,
Өмірінше парадан...
...Қара қылды қақ жарған ақиқат қандай қуатты, неткен өміршең десеңші!!!
«Абай-ақпарат»