"Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартысына дейін болмайды. 20 желтоқсанда парламент сайлауы өтеді деп жатыр, бұл шындыққа жанаспайды. Жалған мәлімет таратқандарға сенбеңдер. 2021 жылдың 10 қаңтарында президент сайлауы өтеді. Одан кейін реформалар жүреді. Сосын барып парламент сайлауы өтеді", - деген Жапаров.
Инстаграмдағы аталған аккаунт верификацияланғанын растайтын ресми белгі жоқ болғандықтан, Азаттық үкімет басшысының баспасөз қызметіне хабарласты. Баспасөз қызметінің жетекшісі Бактыбек Рысалиев аккаунт Садыр Жапаровтыкі екенін, мәлімдемені өзі таратқанын растады.
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) заңға сәйкес қайта парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтуі тиіс деген шешім шығарған. 24 қазанда Бішкектің Бірінші май аудандық соты ОСК шешімін заңсыз деп тапты.
22 қазанда парламентте Конституцияға өзгерістер енгізіліп, парламенттік қайта сайлауды тоқтата тұру туралы заң жобасын қабылдап, оған президент міндетін атқарушы Садыр Жапаров қол қойған.
Оған сәйкес, парламент сайлауы 2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей, конституциялық реформадан кейін өтуі тиіс.