Жексенбі, 18 Мамыр 2025
3092 3 пікір 27 Қазан, 2020 сағат 12:48

Пашинянның әйелі де соғысқа аттанбақ

Армения премьері Никол Пашинянның әйелі Анна Акопян Таулы Қарабаққа, соғысқа аттанбақ. Ол жақында «Facebook» желісіндегі парақшасында: «Отанының шекарасын қорғауға» баратынын жазған.

Акопянның айтуынша, өзін қосқанда 13 әйелден тұратын әйелжер жасағы бірнеше күн бойы әскери жаттығу өткізіп, артынша Қарабаққа кетеді-мыс.

«Бірнеше күннен кейін біз шекарамызды қорғауға аттанамыз. Біз отанымыз бен қадір-қасиетімізді жаудың қолына беріп қоймауымыз керек», - деп жазыпты Анна Акопян.

Айта кетейік, осыған дейін Пашинянның жалғыз ұлы да Қарабақтағы соғысқа аттанған еді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2704
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4433