Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2724 0 пікір 17 Қаңтар, 2012 сағат 04:49

Сырым Дат. Алаштың он алтысы

Жаңаөзен оқиғасына ай толды. 1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісін қорыта алмай жүргенде, оған тағы бір тарихи оқиға жамалды.
Есін жиған кейбір дуалы ауыз сарапшылар «Өзен-Желтоқсан» оқиғасын таптық майданның ашық алаңға шығуы деп отыр. Оған себеп те жоқ емес.

Әрине, аталған жайтты Батыс  баспасөзі оқиға ретінде әлемге жайып тынды. Ішінара еркін күштер мен кәсіподақ ұйымдары болмаса, Батыс жұрты бетімізге басып: «Демократиясыз елдің көретін күні осы!» - дей қоймады. Қанша дегенмен, мәдениеті бар әлем ғой. Бәлкім, мұнайды құбырымен жұтып отырғандықтан да болар, бірақ қыптары іштей болса да қанған шығар, кім білсін. Қытай болса, қашанғыдай - үнсіз. Тек қана бөрінің артындай шулайтын ресейлік идеология ғана көрпені өздеріне қарай тартқыштап, біресе бұл жайтты АҚШ шпиондарының салған лаңы десе, біресе одан да өзге сыртқы күштердің кесірі деумен, қазақтың назарын басқаға аударуға тыраштанып, оқиғаның өзіне шарпуын ойлап зәресі кетті.

Аталған оқиға тағы да - жақсының да, жаманның да өзімізден екенін көрсетіп берді. 20 жыл бойғы шұбар жұмыртқа өсе келе албастыға айналғандай әсер бар. Ол не албасты? Ол - ұлттың даму қарқынынан тыс жылдамдықта байлық пен құндылықтың қолды болуы. Ол - саяси-экономикалық әділетсіздіктің ішке тола келіп, сыртқа тебуі.

Өткен 20 жыл Қазақстанды капиталистік елдер қатарына қосқан жоқ. Өйткені, отандық капиталист емес, ел байлығына шеттен келген алаяқтар мен ұрылар ие болып, билікке ықпал ету арқылы саясатта безбүйрек жүйе орнатты. Өз байлығы өз халқына оқ болып жауатын, өкіметі өз азаматына шіміркпей оқ ататын жағдай қалыптастырды. Баю үшін билікке бару мұратқа айналды, «байлық жолы - еңбекте» деген адамзат ережесі тұл болды.
Қазақтың ұлттық буржуазиясы қалыптаспады, енді ғана көгеріп келе жатқан тұста оны көктей жұлды. Енді халықтың иек артатын байы да жоқ, байлығы - бұралқының қолында. Байыған қазақ еңбегімен емес, ұрлықпен қарынын тойдырған сұғанақ итке ұқсап еліне қамқорсыз, жеріне жау болып алды. Міне, бар болғаны осы ғана - өзендіктерді саяси талапқа шығарып, ғұмырларын соның жолында құрбан етуге итермелеген. 20 жыл бойғы бедеу насихаттың күлі бір күнде көкке ұшты!

Қызық! Қазақтың тарихында да, өнерінде де бір 16 жүреді! «Он алты қыз» деп әндеткен қазақ, өткен ғасырдың 16-ншы жылы бостандық үшін бас көтеріп еді. Амангелді батыр бастаған ереуіл арты көтеріліске ұласып, патшалық Ресейді аяғынан тік тұрғызған. Рас болса, оның арты он миллиондық Орталық Азия халқын жұмылдыруға шақ қалған.

Тарихшылар әлі күнге қазан төңкерісіне алғышарт жасаған қазақ көтерілісін бүркеумен келеді. Бүркей берсін, жақсы болса. Көтерілістің несі жақсы?! Бірақ қазақ қайбір жетіскеннен көтерілді? Кезекті әділетсіздікке белі қайысқаннан. Ақыры не болды? Алтын Ордадан кейін құрылған Ресей империясының ат ауыстыруына мәжбүр болды - қызылдар келді билікке. Қызыл империя қазақтың қаймағын сылып, көксуын қалдырғанмен, бүгінгі егемендікке жан-жақты алғышарт жасап, қазіргі биліктің тағын әзірлеп беріп кеткені жалған ба?! Тарихта дауа бар ма?! Оны біржақты бағалап та, қарап та абырой таппайсың. Міне, бұл ұлы сүргін де, жүргін де сол 16-дан басталған-ды.

Иә, Желтоқсан - 91 оқиғасын кейде біреулер аза күні етуге әзір. Бірақ туған күннің кейіннен өлген күнге айналатынын білсек, туылмас едік қой. Жоқ, 16 желтоқсан - қалай десең де Алаштың айтулы күні! Оның рухын Тәңір жарылқап, әлемге айтарын айтып салған күн! 25 жылдан соң тағы да сол қазақ тарих мінбесіне шықты. Астамсығандар мен астына алтын төсегендердің артына бұрыш септі. Рас, құрбандық екеуінде де, тіпті, үшеуінде де жетеді, бірақ бастысы нәтиже емес пе?!
Ендеше, бір ай бұрын төгілген қан мен атылған оқтың нәтижесі де соншалықты болмақ!

Ар мен абырой үшін шейт болған жас қыршындардың обалы - атқандар мен атқызғандарға! Ал, шапағаты - Қазақ еліне! Аумин! Алла, сендерді О дүниенің азабынан құтқарсын, шырақтарым!
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397