Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4479 4 пікір 29 Қазан, 2020 сағат 12:46

Әкімдер билік партиясына емес, халыққа қызмет етуі керек!

Бүгін Ақтөбеде "Ақ жол" демпартиясының облыстық конференциясына қатыстым. Партия бағдарламасының негізгі бағыттарының жобасын таныстырдым.

Оның ішінде демократияландыруға, билік монополиясын өзгертуге- тексеру жүйесі және теңестіру, парламенттік Республика институттарын енгізуге ерекше көңіл бөлінген.

"Нұр-Отан" партиясының барлық филиалдарын әкімдердің басқаруы дұрыс емес. Аймақтың басшысы шенеуніктердің тар мүддесіне емес, барлық азаматтарға қызмет етуі тиіс. Иә, "Нұр-Отан" партиясының миллион мүшесі бар дейді. Бірақ, еліміздің халқы 19 миллион емес пе! Егер әкімдер өздерінікін ғана қолдай берсе, қалған 18 миллион кімге үміт артады?

Мұндай тәжірибеден бас тарту керек, мүмкін әкімдерге билік партиясының филиалдарын басқаруға тиым салған жөн.  Биліктің емес, халықтың құлы болсын!

Азат Перуашевтің жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1032
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2579
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 719
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 683