Жұма, 22 Қараша 2024
3170 2 пікір 29 Қазан, 2020 сағат 13:16

Елордада коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада коронавирус жұқтыру дерегі күрт көбейгенін айтты.

«Қаладағы науқастар саны көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1256,1 адамнан коронавирус анықталған. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш 604,9-ға тең.

Соңғы аптадағы науқастар саны бойынша көрсеткіш алдыңғы аптадан 1,3 есеге немесе 28,7 пайызға жоғары. Қазан айында аурудың өсу тенденциясын ескере отырып, R санының артуы қаладағы карантин шараларын жеңілдетуге мүмкіндік бермейді»,- деді Пірәлиева.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Күніне 15-тен 30 адамға дейін тіркеліп жатыр дейді.

Ал Қазақстанда бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 111 100-ге жетті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308