ҚМДБ-ның өз телеарнасы ашылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Пандемия кезінде мүфтият қайырымдылық бағытта бірқатар шаралар атқарды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.
«Сонымен қатар карантин кезінде онлайн насихат жұмыстарының маңызы артты. Дегенмен ақпарат ғасырында жаңа технологияны игеріп, насихат жүргізу мен ақапарт таратудың телевизиялық тәсілін Өзімізден басқаруды ұйғардық.
Осыған орай ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарнамызды ашқалы отырмыз», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда арнаға қажетті контентті жинақтау жұмыстары аяқталған. Діни бағыттағы бағдарламалар, сұхбаттар, сюжеттер мен бейне-роликтердің басым бөлігі ҚМДБ-ның бас кеңсесінде түсіріледі. Арнаны «Отау тв» мен «Алма тв» кабельдік желілерінен көре аласыздар.
Телеарнаның ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.
Abai.kz