Сенбі, 23 Қараша 2024
6008 7 пікір 4 Қараша, 2020 сағат 13:17

Ресей мен Қазақстан арасындағы мәселеде ЕАЭС Ресейді қолдады

Қазақстан металл сынықтарын шетелге экспорттауға салынған тыйымды алып тастауы тиіс. Бұл шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде қабылданды,- деп жазды LS сайты. 

ЕЭК Алқасы Қазақстанға тыйымды алып тастау қажеттігі туралы бұған дейін де айтқан. Алайда вице-премьер-министр Әлихан Смайылов бұл мәселе ЕЭК Кеңесі деңгейінде қаралуы керек деген болатын.

Бірақ ЕЭК отырысында қазақстандық тараптың өтініші орындалмады.  Сондықтан ЕЭК Алқасының 2020 жылғы 13 қазандағы No125 шешімінің күшін жойды. ЕЭК Кеңесінің хабарлауынша, тараптар бұл мәселе бойынша ортақ пікірге келе алмаған.

Аталған құжатта Қазақстанның қара және түсті метал сынықтары мен қалдықтарының экспортын реттеу кезінде Одақ туралы келісімді орындау қажеттігі көрсетілген. Алқа сондай-ақ Қазақстаннан бұл мәселені 30 күн ішінде шешуді сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан металл сынықтарын Ресейге жеткізуді тоқтатқан. ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі метал сынықтарының ішкі нарыққа да қажет екенін айтқан.

Сынықтарды елден әкетуге тыйым салу осы өнімді жинаумен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлердің жағдайын нашарлатты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364