Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7039 9 пікір 6 Қараша, 2020 сағат 16:02

Абай, Ескендір Зұлқарнайын, Баталов һәм аты-заты жоқ әкім?...

«Жусаны аңқыған Қарадалам-ай,

Қасиет қонған киелім!

Қарадалам-ай, Қарадалам-ай...

Қастерлеп сені сүйемін!»...

Өткенде Бақыт ағамның бұл әні бүгінгі исі қазақтың ұранына айналуы тиіс әндей әсер етті... Өйткені, Қарадала театрының тұңғыш қойылымында Абай, сахнадағы Абай осы әнді шырқай жөнелді...

Аңыз Абай, Абыз Абай Жетісуға келмеген, келсе де қазіргі Қарадалаға табаны тимеген дерсіз... Дұрыс айтасыз... Абай өз заманында Қарадалаға келмегені былай тұрсын, Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға таяса да оның рухы әлі күнге Ұйғыр ағайынның атындағы ауданының есігінен сығалап келеді.

Тіпті, "биылғы атаулы мерейтойында да сол рух есіктен сығалап, аудан орталығы Шонжыдан тым құрыса бір көшенің атын ала алмай кетер ме екен?" деп қорқып отырмыз.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көкем жазда Қарадалаға барып, Бекжан ағам бастаған ұлт-ұлдарына Ұйғыр ауданының атын өзгертуге сөз берген еді. Кеше сол өзгеріске сайлау бөгет болып тұрғанын айтыпты. «Жарайды делік... Бұл сайлау да өтер... 3-4 айдың ары-берісі жоқ қой. Амандық ағамызға мұрсат берелік» дейді бір ойым. Бірақ, бұл сайлауға партия мүшелері ғана дауыс беретінін ескерсек (оның үстіне праймериз секілді онлайн өтуі мүмкін сайлау), жер-су, елдімекен атауларын ауыстыруға дым бөгет жоқтай көрінбей ме? Қош! Жігіттік, әкімдік, қала берді ақсақалдық уәдені орындап-орындамау әкімге сын. Ол істі өзіне қалдыралық.

Сонымен қазақтың данышпаны Абай сахнада неге "Қарадалам-ай" деп ән шырқады? Айтпақшы, қойылым не жайлы еді? Ескендір хақында... Кәдімгі Ескендір Зұлқарнайын (Македониялық Александр) ше?...

Абай атамыз сол Ескендір Зұлқарнайын туралы поэма бастаған. Бірақ, аяқталмай қалған...

Қарадаланың тарихи атауын алуы да тәмамдалмай тұрған жоқ па?

Ескендір туралы осы поэмада қу бастың көзіне топырақ құймайтын ба еді? Мың-сан алтын-күмісті бір уыс топырақ басып кете береді... Иә, бір уыс топырақтың құны алтын-жаһұттан қымбат...

Қойылым бізге қазіргі Қарадаланың бір уыс топырағы қазақ үшін мың-миллион доллардан бағалы екенін өнер тілімен түсіндіріп берді...

"Адамның көзі топыраққа ғана тояды" деген тәмсілді де айтады дерсіз... Бірақ, Ескендірдің таразысына салсақ, бабаларымыздың қаны төгілген қара топырақтың бағасы басым түсері сөзсіз. Әйтпесе Абай, Абай басымен "Қарадалам-ай" деп асқақ дауыста ән шырқар ма еді?...

P/S. Ұйғыр ауданының әкімі бар еді. Аты-заты есімде қалмапты. Қарадала театры ашылып жатқандықтан "әй, осы жаман жігіт емес шығар" деп ойлап қалып едім. Облыс әкім Амандық Баталов қолдап, Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованың назарына ілініп, бүкіл БАҚ қол соғып жатса, "Осы театрдың ашылуына барсам "ұйғырларым" не дейді екен?" дегендей "аты-затын жасырып", еңбек демалысын алып тайып тұрса керек.

Бізге жеткен нақты деректер "әкім Сарағаштың санаторийінде демалып жатыр" десе, ұзын-құлақ "шетел асып кетті" деп соқты. Дәл театр ашылатын күнге еңбек демалысына шығу бұл әкімнің кімге көрсеткен қыры? Баталов пен Райымқұловаға ма, жоқ әлде халыққа ма?

Халық әкімнің келмегеніне пысқырмады да... Соған қарағанда Баталовтардың мәдени саясатына түкіргені бар болып тұр-ау... Galymurat бауыр, осы жазбам облыс әкімінің құлағына жетсе деймін! Себебі, қазақтың Абайы туралы қойылым орынбасарын жіберіп, Сарағашта демалып жатар "шұрым-бұрым" емес қой...

Қанат Әбілқайырдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394