Сенбі, 23 Қараша 2024
2802 1 пікір 9 Қараша, 2020 сағат 11:01

Әлиев мәлімдеме жасады

Армения Бакудің талаптарын орындап, басып алған жерінен әскерін шығармайынша, Әзербайжан әскери операцияны жалғастыра береді. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты осындай мәлімдеме жасады.

– Армения менің талабыма көнбесе, біз соңына дейін барамыз. Олар оккупациялаған жерінің бәрінен кетуі тиіс, – деді Әлиев жексенбіде Әзербайжан халқына үндеуінде.

Оның айтуынша, 27 қыркүйектен бері Әзербайжан әскері 200-ге тарта елдімекенді қайтарған. Оладың арасында Физули, Жабраил, Зангилан, Губадлы, Шуша қалалары бар.

– Ұрыс жалғасады, әлі де оккуацияда тұрған елдімекендер бар. Әзербайжан әскерінің жеңісті жолы жалғасады. Біз армян армиясын, олардың әскери техникасын жойдық. Армения әскери көмек сұрап, өзінің жеңілгенін іс жүздінде мойындады, – деді ол.

Армяндар жағы Әлиевтің бұл мәлімдемесіне әлі жауап қатқан жоқ.

Мұның алдында жексенбі күні мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағының қорғаныс министрлігі Әзербайжанның қарулы ы күштері Шуша маңында шығынға ұшырағанын хабарлады.

"Шуша маңында және Қарабақ қақтығыс аймағының оңтүстік-шығыс бағытында кескілескен соғыс болды. Таулы Қарабақ ресупбликасының (тәуелсіздігін ешбір ел мойындамаған аймақтың атауы – Ред.) қарсыласқа дәлдеп соққы дарытып, шабуыл әрекеттерінің көбіне тойтарыс берді. Қарсыластың адам күштері арасында көп шығын болды, төрт танкі, 20 брондалған техниканың басқа түрі, 11 автотехника, ұшқышы жоқ екі ұшақ қиратылды" деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі жексенбі таңертең.

1990 жылдардың басында Әзербайжан армян тұрғындармен және Армениямен болған конфликт кезінде Таулы Қарабақты және басқа жеті ауданды бақылауынан шығарып алған.

Бір тараптан Армения мен өзін "Таулы Қарабақ республикасы" деп жариялаған аймақ және екінші тараптан Әзербайжан Республикасы арасындағы соғысты тоқтату туралы бітімге 1994 жылы қол қойылған.

Қазір келіссөз процесі 1992 жылы Қарабақ дауын реттеу үшін құрылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Минск тобы аясында жүріп жатыр. Оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Германия, Италия, Швеция, Финляндия, Түркия кіреді. Топтың тең төрағалары – Ресей, Франция және АҚШ.

Әзербайжан өзін республика деп жариялаған Таулы Қарабақты қақтығыстың бір тарабы деп мойындамайды және онымен келіссөз жүргізуге қарсы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394