Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4319 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:06

Дін саясаты мемлекеттік идеологияның құрамдас бөлігі екенін мойындайтын уақыт жеткен жоқ па?

Жер бетін мекендейтін барша адамзат баласы сеніммен өмір кешеді. Яғни он сегіз мың ғаламды жаратқан жаратушысына сенімі кәміл. Әрине, әр адам, әр ұлт Құдайын өзіндік жолмен таниды. Бірақ сол адам баласының топтасып ғұмыр кешуі үшін құрған мемлекет атты ортақ үйден көп жағдайда дін ажыратылып жатады. Десек те, кейінгі кездегі радикалды, діни экстремистік топтардың билікке таласу жолындағы жабайы әрекеттеріне қарасақ, зайырлылық мемлекет тұрақтылығы үшін таптырмас құрал екенін аңғарамыз. Сонымен қатар зайырлы мемлекет құру дегеніміз - түбегейлі атеистік қоғамды қалыптастыру деген сөз емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы, ашық қоғам, нарықтық экономиканы жақтайтын либерализм идеясы христиан дінінің протестанттық ағымының негізінде тәжірибеге енгізілгені белгілі. Ұлыбританияның мемлекеттік әнұранының мәтіні Құдайға жалбарынудан тұрады. Осы орайда зайырлы мемлекет болсақ та, «Дін саясаты мемлекеттік идеологияның құрамдас бөлігі екенін мойындайтын уақыт жеткен жоқ па»? деген сауалды ой-көкпардың таразысына тартып көрген едік.

0177

Мұхаметжан ТАЗАБЕКОВ, «Асыл-арна» ислами ағартушылық телеарнасының директоры:

Жер бетін мекендейтін барша адамзат баласы сеніммен өмір кешеді. Яғни он сегіз мың ғаламды жаратқан жаратушысына сенімі кәміл. Әрине, әр адам, әр ұлт Құдайын өзіндік жолмен таниды. Бірақ сол адам баласының топтасып ғұмыр кешуі үшін құрған мемлекет атты ортақ үйден көп жағдайда дін ажыратылып жатады. Десек те, кейінгі кездегі радикалды, діни экстремистік топтардың билікке таласу жолындағы жабайы әрекеттеріне қарасақ, зайырлылық мемлекет тұрақтылығы үшін таптырмас құрал екенін аңғарамыз. Сонымен қатар зайырлы мемлекет құру дегеніміз - түбегейлі атеистік қоғамды қалыптастыру деген сөз емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы, ашық қоғам, нарықтық экономиканы жақтайтын либерализм идеясы христиан дінінің протестанттық ағымының негізінде тәжірибеге енгізілгені белгілі. Ұлыбританияның мемлекеттік әнұранының мәтіні Құдайға жалбарынудан тұрады. Осы орайда зайырлы мемлекет болсақ та, «Дін саясаты мемлекеттік идеологияның құрамдас бөлігі екенін мойындайтын уақыт жеткен жоқ па»? деген сауалды ой-көкпардың таразысына тартып көрген едік.

0177

Мұхаметжан ТАЗАБЕКОВ, «Асыл-арна» ислами ағартушылық телеарнасының директоры:

Иә
- Конституциямыз бойынша Қазақстан зайырлы мемлекет болса да, осы елімізді мекендеп отырған халықтың басым көпшілігі ықылым заманнан бері ислам дінін берік ұстанып келе жатыр. Қылышынан қан тамған кеңестік заманның өзінде атеистік көзқарас қоғамды жайласа да, ата-әжелеріміз діннен ажыраған жоқ. Дінді мемлекеттен ажырату мүмкін шығар, алайда қоғамнан діннен аластату мүмкін емес. Менің ойымша, дінді мемлекеттік саясатпен біріктірмей-ақ, осы діннің кең таралуына мүмкіндіктер жасалса игі болар еді. Діннің насихатына көңіл бөлетін уақыт жетті деп ойлаймын.

Себебі жер бетінде дінсіз, наным-сенімсіз ғұмыр кешетін пенде болмайды. Сондықтан болашағы сенімге байланған адамдардан құралған қоғамда идеологияның құрамдас бөлігі екенін мойындайтын уақыт пісіп-жетілді. Баршаға белгілі, кеңестік идеология руханиятымызды қиратып кетті. Бізде орны үңірейіп қалған тұстар жетерлік. Мысалға айтар болсақ, дінге бөлінушілік, дінді дұрыс түсінбеушіліктер орын алып жатады. Міне, осындай мәселелерді реттеу үшін халық арасында ағартушылық жұмыстар жүргізіліп отыру шарт. Осыған мемлекет жағдай жасап отыруы керек деп ойлаймын. Әлемдегі экономикасы дамыған, саяси жүйесі жетілген деген Батыс елдері өздерін қанша зайырлы мемлекет деп жариялағанымен де, олар діннен мүлде алшақ емес. Мысалы, мен жақында Парижде, Лондонда болып келдім. Сол сапарымда мемлекетке ықпалды азаматтармен де кездесулер ұйымдастырдық. Сонда байқағаным, діни жағынан алғанда жағдайы ең төмен әрі күрделі посткеңестік елдер екенін аңғардым. Ислам дініміз түскен кезде осы дінді мемлекеттік басқару ісіне араластыру керек деген тапсырмамен түскен жоқ. Жалпы, Қазақстан зайырлы мемлекет болса да, елімізді шетелдерде мұсылман мемлекеті ретінде қарайды. Кез келген жағдайға төзімділікпен, сабырмен қарайтын ислами көзқарас еліміздің жүргізіп отырған саясатынан да анық аңғарылады.

0255

Рустам АЛПЫСБАЕВ, шығыстанушы:

Жоқ
- 70 жыл бойы дінсіз қоғамда өмір сүрген біздің елімізде дәл қазір дін саясатын мемлекет идеологияның құрамдас бөлігі ретінде мойындайтын уақыт әлі жеткен жоқ. Себебі жастардың арасында дінді толықтай танып, зерттегендер жоқтың қасы. Қоғамдағы азаматтардың діннен сауаттары болғанымен, тереңіне үңілу үрдісі кейінгі жылдары ғана дұрыс жолға қойылып келеді. Мысалы, Мысыр елінде дін мемлекеттік идеологиямен біте қайнасқан. Өйткені бұл елде дін мен ғылым бір қатарда. Сонымен қатар мысырлықтар бағзыдан бері өздерінің өмір сүру салтын дінмен байланыстырып келеді.

Кез келген нәрсеге терең бойламай жатып, басымдық беруге болмас. Біздің қоғамда ислам дінінің өзі дұрыс түсіндірілмеген. Сондықтан да болар, қазіргі қазақ жастары исламның бірнеше саласы бойынша бөлініп, өзара қырғи-қабақтық танытуда. Бұл мемлекеттің болашағы үшін өте қауіпті деп ойлаймын. Сондай-ақ түрлі мысықтілеулі секталардың да мемлекеттік идеологияға ықпал етуге тырысып жүргені белгілі. Саясатқа араласуға құмар радикалды, лаңкестік топтар да бар. Сондықтан қоғамдағы діни сауаттылықтың деңгейін көтермейінше, мемлекеттік идеологияның құрамдас бөлігі ретінде қарау асығыстық болады. Дін саясатын мемлекеттік идеологияға айналдырмақ болғанда Ливан елінде үлкен қақтығыстар орын алған болатын. Бұл елде тіпті азаматтық соғыстың оты тұтанғанын тарихтан білеміз. Олар бұл мәселені қауіпті болса да консенсус негізінде шешуге мәжбүр болды. Мәселен, Ливан мемлекетінің басшысы христиан дінінің бір ағымы мараниттер қатарынан болса, үкімет басшылары суннит болып келеді. Парламенттерінің төрағасы шиит болуы шарт. Заң шығарушы органдағы орындар ықпалды діни топтарға үлестіріліп берілген. Бұл тұрақсыздықтың алдын алу болғанмен, өз кезегінде жікке, топтарға бөлінуге әкеп соқты. Жақында сунниттерден кандидат болмай қалып, саяси дағдарыс орын алды. Мұндай жағдайлар орын алған қоғамда мемлекет басшыларына халықтың мүддесін қорғайтын шешімдер қабылдау қиынға соғады. Себебі лоббизм өршіп тұр. Мысалы, қазіргі уақытта тұрақсыздық мекеніне айналып отырған аймақтардағы көптеген қақтығыстар осы діннен шығып отырғаны белгілі. Ал қазір әлемнің кез келген мемлекетінде, тіпті кейбір отбасының ішінде де әртүрлі дінге сенушілер бар. Оларды бұл көзқарастары үшін ешкім де жазалай алмайды. Өйткені қай дінді ұстанамын десе де, әр адамның өз еркінде. Сондықтан белгілі бір дінге басымдық беріп, мемлекеттік идеология ретінде жүзеге асыратын болсақ, қоғамды бөле-жару басталады. Сондықтан дін саясаты мемлекеттік идеологияның құрамдас бөлігі екенін мойындайтын уақыт жеткен жоқ деген пікірімде қаламын.

 

Бейтарап пікір


Бөріхан НҰРМҰХАММЕДОВ, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары:

- Жалпы, бұл мәселені мойындайтын уақыт жетті ме, жоқ па, оны қоғамның өзі таразылай жатар. Бірақ діни саясатты мемлекеттік идеологияға айналдыруға күш салудың қажеті жоқ. Өйткені оның қоғамға әкелетін қауіпті жақтары да бар. Мемлекет пен қоғамның арасында да айтарлықтай айырмашылықтар бар. Қоғамды діннен ажырату мүмкін емес, ал мемлекет діннен ажыратылады. Біз - зайырлы мемлекетпіз. Бұл туралы еліміздің бас заңы Конституциямызда да жазылған. Бүгінгі таңда дінге қатысты проблемалар өте көп. Алайда бұл мәселелерді қоғамның өзі реттеуі керек деп ойлаймын. Мысалы, Батыс елдерінің басшылары өздерінің халыққа арнаған жолдауларының соңын «Құдайымыз бізді сақтасын!» деген сөздермен аяқтайды. Бірақ мемлекеттік құрылымдарда діннің рөлі айтарлықтай күшті емес. Міне, бізге негізінен осындай жүйені қалыптастыру қажет.

 


Әзірлеген Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

«Алаш айнасы» газеті 30 маусым 2009 жыл

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371