Сенбі, 12 Сәуір 2025
2945 3 пікір 11 Қараша, 2020 сағат 12:09

Ресейлік вакцина салдырған дәрігерлерден коронавирус анықталды

Алтай аймағында коронавирустық инфекцияға қарсы Ресейлік вакцина салдырған дәрігерлерден коронавирус анықталды. 

Өңірлік Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, 42 дәрігердің үшеуі коронавирусты жұқтырған. Сондай-ақ, министрлік өкілдері аталған вакцинаның екі кезең бойынша салынатынын айтады.

Бірінші инъекциядан кейін үш апта һткен соң ғана  екінші екпе салынады.

«Вакцина салдырған және коронавирус инфекциясынан қорғалған адамда екінші рет вакцина салдырған соң яғни үш аптадан соң коронаврусқа қарсы иммунитет пайда болады. Ал вакцина салдырып, бірақ ауырып қалған дәрігерлерде иммунитет пайда болып үлгермеген болуы мүмкін. Олардан вирус анықталуына осы ғана себеп болуы мүмкін», - дейді министрлік өкілдері.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1808
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4610
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3636