Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
3040 1 пікір 13 Қараша, 2020 сағат 12:22

Жаңа оқу жылынан бері 825 оқушы коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов оқу жылының басынан бергі оқушылар арасындағы коронавирус жұқтыру статистикасын жариялады.

"Оқу жылы басталғаннан бері қазақстандық оқушылар арасында КВИ-дың 825 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 261 факт - кезекші сынып оқушылары арасында, 564 - қашықтан білім алушылар арасында тіркелген.

Соңғы аптада COVID-19 кезекші сыныптарда оқитын 62 оқушыда анықталды. Ауырған оқушылардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады: сәйкесінше 32, 12 және 5 жағдай", - деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2704
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1828