Жексенбі, 12 Қазан 2025
2533 0 пікір 16 Қараша, 2020 сағат 14:43

Шетелдік инвесторлар 200 млн теңгеге медициналық жабдықтар алып берді

Пандемия кезінде шетелдік инвесторлар 200 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алып берді,- деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл көмек елордадағы инфекциялық ауруханалар мен стационарларға берілген.

Ірі супермаркеттер мұқтаж отбасыларына азық-түлік таратса, мейрамханалар дәрігерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Атыраудағы мұнай компаниясы арнайы қорға 250 мың қорап дәрі-дәрмек алған. Одан бөлек 400 мың дана қорғаныш құралын берген.

Сондай-ақ шетелден эпидемиолог дәрігерлер алдырту үшін қаржылай көмек көрсеткен. 2 мың отбасына гуманитарлық көмек жеткізіп берген.

Ал халықаралық банктер шағын және орта бизнесті дамытуға инвестиция құйған. Тек Азия даму банкінің өзі заем ретінде 1 млрд доллар қаржы бөлген.

Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамы арқылы 130 млн теңгенің көмегі көрсетілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 829
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9916