Бейсенбі, 19 Қараша 2026
Аласапыран 82 0 пікір 19 Қараша, 2026 сағат 16:17

Шенжендегі үшеудің кездесуі: Кім, не деді?

Сурет: CBC TV-дан алынды.

Трамп, Путин мен Шидің үшжақты кездесуі өтті. Сарапшы жұрт «Жаңа Ялта» кездесуі деп айдарлап ат қойған бұл ұзын-ырғасы 1,5 сағатқа созылған.

Трамп не деді?

Трамп Путин мен Шиді ядролық қарудың таралуына қарсы күресте ынтымақтасуға шақырды!

Шенженде өткен үшжақты кездесуде сөз сөйлеген АҚШ президенті Ресей мен Қытай басшыларына ядролық қарудың таралуына жол бермеу үшін күш біріктіру туралы үндеу жасады.

▪️ Трамптың айтуынша, ядролық қару бір пайда болғаннан кейін одан бас тарту өте қиын: «Әлемнің жұмыс істеу қағидаты осындай», - деді Трамп.

▪️ Ол АҚШ, Ресей және Қытай басқа елдер тарапынан төнетін ядролық қауіпке бірге қарсы тұруы тиіс екенін айтты.

▪️ Трамп Уашиңтонның Иранға қатысты дәл осы бағытта жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ақ үй үшжақты кездесудің күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде ядролық қаруды таратпау тақырыбын атаған болатын: Бұған дейін Трамптың Ши және Путинмен әлемдік ядролық арсеналдарды қысқарту, сондай-ақ Иран төңірегіндегі жағдайды талқылауға ниетті екені хабарланған еді.

Ши не деді?

Қытай төрағасы Ши үшжақты кездесуде ядролық қаруға толық тыйым салып, оны жою қажеттігін мәлімдеді!

ҚХР төрағасы мұндай қарудың адамзат басына төніп тұрған «дамокл қылышы» іспетті екенін атап өтті.

Шидің айтқандары:

▪️ Әлемде тыныштық орнауы үшін алпауыт державалардың өзара татулығы қажет;

▪️ Ірі державалар арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл — «таңдау мәселесі емес, міндетті талап»;

▪️ Бейжің Ресеймен «жаңа дәуірдегі» жан-жақты стратегиялық әріптестік пен өзара үйлесімділікті дамытып келеді және АҚШ-пен сындарлы, стратегиялық тұрғыдан тұрақты қарым-қатынас орнатуға ұмтылады;

▪️Алпауыт державалар тату өмір сүрсе, әлемде тыныштық болады. Ал жауласса, әлем хаосқа ұрынады. Сондықтан Қытай, АҚШ және Ресей жаһандық мәселелерді бірлесіп шешіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауы тиіс деді.

Путин не деді?

Путин Ресей, АҚШ және Қытайдың жанжалдарды, соның ішінде Украина мәселесін реттеуде ортақ мүдделері көп екенін айтты.

▪️ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің үш тұрақты мүшесінің басшылары қатысқан осындай форматтағы кездесуді ұйымдастырғаны үшін Ши төрағаға алғыс айтамын. Дәл осындай форматтағы басқосудың маңызы өте жоғары;

▪️ Біздің елдерімізді Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаздар мәртебесі ғана емес, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ортақ жауапкершілік те біріктіреді. Алға қойылған міндет — халықаралық құқық жүйесін, БҰҰ Жарғысы мен оның қағидаттарын сақтау және нығайту;

▪️ Талқыланған тақырыптар қатарында жаһандық және өңірлік экономикалық байланыстар, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік бар;

▪️ Өңірлік жанжалдарды, соның ішінде Украина дағдарысын реттеуде үш елдің мүдделері көп жағдайда сәйкес келеді. Біз бұл тақырыпты кеше Қытаймен талқыладық, ал бүгін Трамптың бастамасымен екіжақты кездесуде де осы тақырыпқа көп көңіл бөлдік;

▪️ Халықаралық терроризмге және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте де ортақ мүдделеріміз бар деді.

«Біздің үш мемлекетіміз — Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаз елдер, әрі біз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға ортақ жауаптымыз», - дейді Путин.

Abai.kz

0 пікір