Сенбі, 3 Қазан 2026
3232 0 пікір 17 Қараша, 2020 сағат 10:52

COVID-19: Қазақстан Қырғызстанға медициналық бұйымдар жібереді

Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді. Бұл туралы ҚР Үкіметі мәлімдеді. 

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді»,- делінген хабарламада.

Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі.

Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 558
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 811