Сенбі, 23 Қараша 2024
3942 1 пікір 17 Қараша, 2020 сағат 12:23

«Борат елі: даңқты қазақ мемлекеті» атты деректі фильм түсірілді

Танымал блогер Мирас Ыбрайымов ағылшын тілінде «Борат елі: даңқты қазақ мемлекеті» деп аталатын деректі фильм түсірді. Бұл туралы «Хабар 24» мәлімдеді. 

Фильмнің басым бөлігі – Маңғыстау өңіріне арналған. Онда киелі өлкенің таңғажайып табиғаты мен көркем жерлері таспаланған. Кәсіпкер саяхаттап жүріп, әлемге нағыз Қазақстанды көрсетуді мақсат етеді.

Блогер 23 қазанда «Борат 2» фильмінің шығатынын естіген бойда бұрыннан ойда жүрген бейнероликті түсіруге кірісіп кеткенін айтады.

«Бұл фильм Саша Барон Коэнға жауап емес. Тек елімнің кереметтерін паш ететін деректі фильм түсіруге себеп болды» деп жазады Мирас өз парақшасында.

Бейнероликте ол Каспий жағалауындағы ару қала Ақтаудан бастап, Бозжыра шатқалы, Ыбықты сайы мен Қарақұм жөнінде ағылшынша әңгімелеп береді. Түйе шарушалығында болып, жергілікті тұрғындардың өмірін көрсетеді.

Қазір бұл фильм әлеуметтік желіде қызу талқыланып, өзге елдерге кеңінен тарала бастаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419