Сәрсенбі, 9 Сәуір 2025
2904 0 пікір 17 Қараша, 2020 сағат 12:52

Жұмыссыздарға автоматты түрде бос вакансиялар ұсынылады

Электронды еңбек биржасы жұмыс іздеушіге бос вакансияларды автоматты түрде ұсынады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Енді электрондық еңбек биржасының порталы жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде бос вакансияларды, «Еңбек» бағдарламасының құралдарын ұсынады. Яғни, шешімді ақпараттық жүйе қабылдайды. Жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді де, оған тиісті жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп тағайындайды. Осылайша, бірнеше қызметті біріктіріп, бизнес процесін жеңілдетіп, біз «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарына көшу жолындамыз», — деді министр Үкімет отырысында.

Жалпы, биыл барлығы 9,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электрондық форматқа көшіріледі және 2022 жылы 93%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1660
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4401
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3389