Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3898 4 пікір 19 Қараша, 2020 сағат 19:12

«Nur Otan»-нан басқа партиялар өз уәделерін орындады ма?

Кеше Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы фракциясы кеңейтілген отырысын өткізіп, партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы Үкіметтің есебі тыңдады. Егер бұл механизм жұмыс істеп, есеп сұралса әлбетте жақсы.

Үкімет басшысы партияның сайлау алдындағы міндеттемелері негізінен орындалғанын баяндап, біршама статистика келтірілген екен. Мысалы, мектептер мен балабақшалардың құрылысы ерекше бақылауда ұсталған, ал, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, авто және темір жолдарды, заманауи логистикалық жобаларды жаңғырту нәтижесінде 559 мың жұмыс орны құрылған. 4 жыл ішінде 3 мыңнан астам мектепке дейінгі балалар мекемесі салынған. Үш ауысымды және апатты мектептерді азайту үшін 417 мектеп пайдалануға берілсе,. Биыл жыл ақырына дейін 56 мектеп салынбақ.

Фракция жиында толық көлемде орындалмаған уәделерін де айтып, өзін сынапты, олар нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен, саны 250 адамнан асатын барлық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың ірі компанияларын жекешелендірудегі олқы жұмысына өкініп, опық жепті.

Ал, қызығы, осы парламентте формальді десек те басқа партиялар бар ғой. Олар да осы орынға жайғасу үшін халыққа уәделер берді. Олар орындады ма екен?

Кеше ғана атауын ауыстырған коммунистік партия болса өзінің сайлауалды бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау, жастарды тәрбиелеу, әлеуметтік мәселелерді шешу мәселелерін алға тартқан.

Елде АЭС салу туралы сөз болғанда бұл партия ләм демеді. Жер мәселелері және мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, демократияны кеңейту туралы, парламенттік типтегі мемлекет құру туралы уәделері де тікелей көтерілмеді.

Ақжол көбінде Нұр Отанмен үндес бастамалар жасайды. Жақында ғана парламентте оппозиция институтын енгізуге қуанған. Мүмкін осы жолы өткір өміршең идеяларын халыққа таныстыратын шығар.

Ақпараттың дереккөзі: Нұрғали Нұртай

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394