Бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды

16 желтоқсан мен Жаңа жылда ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 шектеу карантин шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына сәйкес, ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынады» , - делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуіне байланысты бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Abai.kz