Жұма, 22 Қараша 2024
2567 0 пікір 30 Қараша, 2020 сағат 12:15

Марадонаның дәрігеріне қылмыстық іс қозғалды

Аргентина прокуратурасы өткен аптада қаза болған футбол жұлдызы Диего Марадонаның жеке дәрігері Леопольдо Лукенің Буэнос-Айрестегі үйі мен жеке клиникасына тінту жүргізілгенін мәлімдеді.

Прокуратура атақты футболист жеке дәрігерінің салғырттығынан көз жұмуы мүмкін деп санайды. Тергеу ісі Марадонаның қыздары Лукенің әрекеттеріне күмәнданғаннан кейін басталған.

Прокуратура соңғы күндері Марадонаға қандай медициналық жәрдем көрсетілген-көрсетілмегенін тексеріп жатыр. Өз кезегінде Луке Марадонаға барлық қажетті жәрдем берілгенін айтқан.

Аргентинаның футболдан құрама командасының бұрынғы ойыншысы, әлем чемпионы Диего Марадона өткен сәрсенбі күні 60 жасында қайтыс болды. Қараша айында оның миына операция жасалып, соңғы күндері үйінде ем қабылдап жүрген. Оның спорттағы шеберлігі жоғарып бағаланып, әлемдегі ең атақты футболист атағын алған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5319