Науқастардың төрттен үшін елдің солтүстік және шығыс бөлігіндегі аймақтардың үлесінде.
Covid науқастарының жалпы саны жөнінен санаулы күн бұрын бірінші орынға шыққан Шығыс Қазақстан облысында коронавирусты тағы 145 адамның жұқтырғаны анықталып отыр. Күз басталғалы аймақтар бойынша көш бастап келген бұл облыста 28 қазаннан бастап күнделік анықталатын науқастар үш таңбалы санмен белгіленді. Оған дейін ауруға шалдыққандардың тәулік көрсеткіші 30-дан аспаған.
Павлодар облысында 120, Солтүстік Қазақстан облысында 105 адам Covid жұқтырғандар қатарына қосылды. Одан кейінгі орындарда Ақмола облысы (86), Қостанай облысы (85) және Нұр-Сұлтан қаласы (83).
Түркістан облысында 2, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында 1 науқастан тіркелген.
Қалған аймақтардағы жағдай мынадай:
Алматы қаласы – 73
Шымкент қаласы – 6
Алматы облысы – 33
Атырау облысы – 18
Жамбыл облысы – 14
Батыс Қазақстан облысы – 39
Қарағанды облысы – 25
Елде вирус жұқтырғандар барлығы 130 865 адамға жетті. Оның ішінде 116 187 адам аурудан айығып үлгерген. 28 қарашадағы ресми мәлімет бойынша, Covid ауруынан барлығы 2020 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмеген.
Covid жөніндегі ұлттық статистикаға коронавирус пневмониясына шалдыққандар қосылмай отыр. Есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан бұл ауруға 28 қарашаға дейін барлығы 41 940 адам шалдыққан. Оның ішінде 440 адам аурудан айыға алмай қайтыс болған.
Abai.kz