Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 5326 4 пікір 1 Желтоқсан, 2020 сағат 12:04

УҚК Геноцид туралы жаңа деректер жариялады

28 қарашада Украинада 1932-33 жылдардағы Голодомор құрбандарын еске алу күні өтті. Осыған орай, Украинаның қауіпсіздік қызметі Голодомордың салдары туралы жаңа мәліметтерді жариялады.

Онда 1937 жылғы санақ бойынша Украинадағы демографиялық дағдарыс туралы құпия құжат мәлім болды.

«1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағы нағыз демографиялық дағдарысты көрсетті. Кеңес демографтары бұл кезде Украина халқы «35 миллион тұрғын болады деп күтті. Алайда, санақ тек 29 миллионды құрады. Яғни, халық саны 1926 жылғы деңгейде қалған»,- деп мәлімдеді УҚК.

Сонымен қатар олар, сол кезде санақ жүргізгендерге, оның ішінде Олимпия Квиткинге «халық санын әдейі аз көрсетіп, бұрмалады» деп негізсіз айып тағылып, атылғанын айтады.

Айта кетейік, Украинаның Жоғарғы Радасы 14 жыл бұрын 1932-1933 жылдардағы Голодоморды Украин халқының геноциді деп таныды.

Сонымен қатар Украина билігі басқа мемлекеттерден Голодоморды «Геноцид»  деп тануды сұраған.

Ал, Қазақстанда 1931-32 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылық салдарынан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды. Кейбір деректерде бұл санның әлдеқайда көп екені айтылады. Дегенмен, Қазақстан билігі сол кезеңде болған ашаршылықты «Геноцид» деп таныған жоқ.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322