Сенбі, 23 Қараша 2024
4427 1 пікір 4 Желтоқсан, 2020 сағат 11:51

Моңғолиядан келген қандасымызға Мемлекеттік сыйлық берілді

Мемлекет басшысының Қаулысымен Моңғолиядан көшіп келген Сұраған Дурвудхан Мемлекеттік сыйлық иегері атанды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Сұраған Дурвудхан БҒМ ҒК «Математика және мате­ма­ти­калық модельдеу институты» РМК бас директорының орынбасары, жетек­ші ғылыми қызметкері болып қызмет істейді.

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының  корреспондент  мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Сұраған Дурвудханға берілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,- делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Сұраған Дурвудхан Қазақстанға 2005 жылы, 17 жасында келген. Ол Азия елдерінен алғаш рет халықаралық The Ferran Sunyeri Balaguer Prize марапатын алған жас ғалым.

2013 жылы жаратылыстану ғы­лымдары саласындағы ең үздік жұ­мысы үшін жас ғалымдарға ар­налған (Қазақстанда) Қонаев атын­дағы сыйлықпен марапатталды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377