Сенбі, 23 Қараша 2024
Өзгелер 5074 13 пікір 8 Желтоқсан, 2020 сағат 14:43

БҰҰ Қырымнан Ресей әскерін шығаруды талап етті

БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Қырымды милитаризациялау мәселесі бойынша қарарға қол қойылды. Онда БҰҰ Ресейді Украина территориясын оккупациялауды және Қырым тұрғындарын Ресейдің қарулы күштеріне шақыруды тоқтату керектігі айтылған. 

7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының қатысушылары Қырым Автономиялық Республикасы мен Севастополь қаласын, сондай-ақ Қара және Азов теңіздерін милитаризациялау проблемасы бойынша қарар қабылдады.

Құжатты 63 мемлекет қолдап, 17 ел қарсы болған. Тағы 62 мемлекет қалыс қалды. Резолюцияны жасаушылар Ресейді «дереу, толықтай және ешқандай шарт қоймай, өз қарулы күштерін Қырымнан шығарып, Украина территориясын уақытша басып алуды тоқтатуға» шақырды.

«Сонымен қатар, Ресей халықаралық гуманитарлық құқықты бұза отырып, Қырым тұрғындарын Ресейдің қарулы күштеріне шақыруды, сондай-ақ білім беруді «милитаризациялауды» тоқтатуы керек», делінген құжатта.

Құрастырушылар Қырымдағы оқу орындарының әскери-патриоттық тәрбиесі Ресей жүйесінің негізінде екенін айтты.

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба қазіргі қарарды «Ресейге күшейіп жатқан құқықтық қысымның жаңа элементі» деп атады. Оның айтуынша, құжатты қабылдау Қырымды милитаризациялау проблемасы «халықаралық қоғамдастықтың назарында» тұрғанын көрсетеді және ол «Қырымды үлкен әскери базаға айналдыруды» аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей қатер төндіреді деп санайды.

«Еуроодақ Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайды, Ресейдің Қырымды аннексиялауын заңсыз деп санайды және оны мойындағысы келмейді», - деді БҰҰ жанындағы ЕО делегациясының жетекшісі Сильвио Гонзато.

«Ресейдің әрекеті халықаралық құқық пен халықаралық тәртіптің негізгі қағидаларын өрескел бұзу болып табылады», - дейді Брюсселдің ресми мәлемемесінде.

Гонзатоның пікірінше, Украина түбегін милитаризациялау Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік жағдайын нашарлатты.

Айта кетейік, Ресей 2014 жылдың наурызында Қырымды өзінің аумағы деп жариялады. Киев және әлемдегі елдердің басым көпшілігі мұны мойындамайды. Көп ұзамай АҚШ, Еуропалық Одақ, Австралия, Жаңа Зеландия және Канада Мәскеуге қарсы алғашқы санкцияларды енгізген.

Ал Ресейді Қырғызстан, Беларусь, Қытай, Армения, Солтүстік Корея, Иран, Судан, Сирия, Венесуэла, Мьянма жақтаған.

Қазақстан бұл мәселеде бейтарап позиция ұстанды.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407