Сенбі, 23 Қараша 2024
3208 0 пікір 9 Желтоқсан, 2020 сағат 12:33

Өзбекстан Сириядағы азаматтарын елге қайтарды

"Мехр-3" операциясы аясында Өзбекстан Сириядан 25 әйел мен 73 баланы алып келді. Бұл жөнінде 8 желтоқсанда жергілікті БАҚ хабарлады.

"Олар алдымен медициналық мекемелерге жатқызылып, ыстық тамақ, киіммен қамтамасыз етіледі. Мамандар оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетеді", - деп жазады жергілікті БАҚ.

Алайда әзірге Өзбекстан сыртқы істер министрлігі, президенттің баспасөз қызметі және мемлекеттік ақпарат агенттіктері бұл жайында ақпарат таратпады.

2019 жылдың 30 мамырында "Мехр" операциясымен Сириядан 156 әйел мен бала Өзбекстанға жеткізілді. Сол жылдың қазан айында 39 ұл бала мен 25 қыз бала "Мехр-2" операциясымен келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434