Досай Кенжетай. Діни білім мен таным негіздері және зайырлылық
Дін сөзінің этимологиясына келсек, арабтың «дана», йадину етістігінен «жол, үкім, орталық, байланыс» деген мағыналарды береді. Мадина, яғни, қала, белгілі бір үкімдер негізінде орталықтандырылған, ұлы құдіретпен байланысқа түсу жолы бар қауымды, қауымдасқан топты білдіреді. Адамзаттың алғашқы жазу арқылы білінген тарихында, кешегі археологиялық қазбалар негізінде табылған цитадельдерде негізгі орталық - ғибадатханалар. Ғибадатханалар қаланың ортасына салынып, ең басты білім беру ошағы болатын. Міне, ежелгі қала орындарындағы сәулет ерекшеліктері жүйелі дін құбылысының тарихтағы орны мен рөлін көрсетеді. Бүгін біздің тіліміздегі мәдениет сөзі де осы арабтың «Мәдина» яғни, қала сөзінен шыққан. Бүгінгі культурологиялық және антропологиялық анықтама бойынша, мәдениет тіл мен дін арқылы болмысқа айналған. Осы болмыстың ішінде әдет-ғұрып, дүниетаным, өнер, сәулет, музыка - барлығы біртұтас құндылық ретінде өзара іштей өріліп тұр. Осы тұтастықты қамтамасыз ететін қуат, аксиологиялық жүйе арқылы азықтанып отыратын мемлекеттік, саяси еркіндіктің көрсеткіші. Сондықтан біз қазақ мемлекеттілігінің негізінде қазақ мәдениеті жатыр, ал қазақ мәдениеті негізінде ислам діні бар деп білеміз. Әрине, ислам мен дәстүрлі түркілік сенім арасындағы үндестік, үйлесімділік, діни білім берудің негізінде жүзеге асты. Діни білім беру діни тәжірибе мен тіршілікті реттеп, бағыттап отыратын үдеріс.
Дін сөзінің этимологиясына келсек, арабтың «дана», йадину етістігінен «жол, үкім, орталық, байланыс» деген мағыналарды береді. Мадина, яғни, қала, белгілі бір үкімдер негізінде орталықтандырылған, ұлы құдіретпен байланысқа түсу жолы бар қауымды, қауымдасқан топты білдіреді. Адамзаттың алғашқы жазу арқылы білінген тарихында, кешегі археологиялық қазбалар негізінде табылған цитадельдерде негізгі орталық - ғибадатханалар. Ғибадатханалар қаланың ортасына салынып, ең басты білім беру ошағы болатын. Міне, ежелгі қала орындарындағы сәулет ерекшеліктері жүйелі дін құбылысының тарихтағы орны мен рөлін көрсетеді. Бүгін біздің тіліміздегі мәдениет сөзі де осы арабтың «Мәдина» яғни, қала сөзінен шыққан. Бүгінгі культурологиялық және антропологиялық анықтама бойынша, мәдениет тіл мен дін арқылы болмысқа айналған. Осы болмыстың ішінде әдет-ғұрып, дүниетаным, өнер, сәулет, музыка - барлығы біртұтас құндылық ретінде өзара іштей өріліп тұр. Осы тұтастықты қамтамасыз ететін қуат, аксиологиялық жүйе арқылы азықтанып отыратын мемлекеттік, саяси еркіндіктің көрсеткіші. Сондықтан біз қазақ мемлекеттілігінің негізінде қазақ мәдениеті жатыр, ал қазақ мәдениеті негізінде ислам діні бар деп білеміз. Әрине, ислам мен дәстүрлі түркілік сенім арасындағы үндестік, үйлесімділік, діни білім берудің негізінде жүзеге асты. Діни білім беру діни тәжірибе мен тіршілікті реттеп, бағыттап отыратын үдеріс. Ал ол біздің өткен тарихымызда бірнеше сатылардан өткен белгілі. Сонымен діни тіршілік тарихы мәселесі ұғыну, оқыту, жору, түсіндіру және өмірде қолдану сияқты біртұтас компоненттерден тұрады.
Толығырақ haq.abai.kz -тен оқи аласыздар