Сенбі, 23 Қараша 2024
2982 0 пікір 16 Желтоқсан, 2020 сағат 12:52

Армения мен Әзербайжан тұтқын алмасты

15 желтоқсанға қараған түні Армения мен Әзербайжан Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде қолға түскен тұтқындармен алмасты. Бұл ақпаратты Азаттықтың Армян қызметі хабарлады.

Армян тарабына - 44 тұтқын, әзербайжан жағына 12 адам тапсырылған. Ресей қорғаныс министрлігі тұтқын алмасу процесіне ресейлік бітімгер сарбаздардың қатысқанын хабарлады. Осыған дейін армян және әзербайжан тарабы Шуша қаласындағы шайқастан кейін бір-біріне мәйіттер тапсырған.

Желтоқсан айының басында Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы ортақ мәлімдемеге қол қойылғаннан бері алғаш рет келісім шарттары бұзылды. Армян және әзербайжан тарабы бір-бірін кінәлады. Әзербайжан билігі Хадрутта қалған армян әскері "іріткі салып", "теракт ұйымдастырумен" айналысты, соның нәтижесінде төрт әзербайжан сарбазы қаза болды деп мәлімдеді. Ал Армения Әзербайжанды "бейбіт келісімді бұзды" және "арандатты" деп айыптады.

Таулы Қарабақта 1990 жылдары басталған шиеленіс биыл қыркүйектің соңында қайта өршіді. Баку мен Ереван жағдайды ушықтырды деп бірін-бірі айыптады. Әзербайжан әскерінің Қарабақтағы бірнеше ауданға кірген соң, 9 қарашада Ресей, Әзербайжан президенттері және Армения премьер-министрі соғыс қимылдарын тоқтату туралы ортақ мәлімдеме жасады.

Келісім бойынша Әзербайжан мен Армения күштері сол сәттегі позицияларында қалып, аймаққа Ресейдің бітімгер күштері кіргізілді. Таулы Қарабақты қоршай орналасқан 7 аудан Әзербайжанға қайтарылып, Арменияға Қарабақпен жалғастыратын ені 5 км көлік дәлізі берілді. Келісім бойынша Армения да Әзербайжанды Нахичеван автономиялы республикасымен жалғайтын ені 5 км көлік дәлізін беруі тиіс. Екі дәлізді де Ресей бітімгер күштері бақылайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5473