Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
46 - сөз 4984 5 пікір 16 Желтоқсан, 2020 сағат 13:37

Қақтығыстардың барлығы жер мәселесінен басталады

Ресейдің Бірінші телканалынан Ресей мемлекеттік Думасының депутаты В. Никонов Қазақстанның солтүстік өңірі ықылым заманнан бері Ресейдің жері, ол жерлер Қазақстанға сыйға берілген деген сандырақ әңгіме айтты.

Үндемей - ақ қоюға болар еді, бір мұжықтың мас болып айтқан далбаса сөзі ғой деп, бірақ айтқан адам шешім қабылдай алатын үлкен лауазым иесі -Думадағы Білім және ғылым комитетінің төрағасы, яғни министр лауазымына тең тұлға.

Біздің СІМ өкілінің мұндай сөзге мән бермеу керек деген жауабын оқыдым. Сонда Ресейдің ірі лауазым тұлғасы тәуелсіз мемлекеттің жерін біздің жеріміз еді деп миллиондаған көрермендері бар телеарна арқылы жар салып тұрады, оған біз қалай мән бермеуіміз керек?

Егер біздің ірі лауазым иесі Орынбор, Астрахань, Омбы қазақтың жері еді деп айтатын болса Ресей қалай қарар еді?

Сондықтан да мұндай арандатушылық пікірлер екі елдің достығына сызат түсіретінін Ресей елшісінің құлағына біздің СІМ салып қоюы керек.

Қақтығыстардың барлығы жер мәселесінен басталатынын тарих көрсетіп отыр. Саясатшылар аузына, аузынан шығатын сөзіне ие болу керек.

Мұрат Бақтиярұлының жазбасы

Abai.kz

5 пікір