Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
3132 5 пікір 21 Желтоқсан, 2020 сағат 14:19

Генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ANTIKOR News мәлімдеді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігі Кадр департаментінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

«2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қ. «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.

Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды»,- делінген хабарламада.

Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1973
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4820
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3996