Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2819 0 пікір 17 Ақпан, 2012 сағат 05:20

Қажығұмар Шабданұлы. Қылмыс (жалғасы)

VII

Жаппар Есқазының қорлығына қарамай, бұл қыздың «есінің дұрыс-бұрыстығын» білу үшiн ауылына жиі баратын болыпты. Өзi айтқандай, «өзіне көңіл берсе, шын ecтi болғаны, жынды деп көнбей қойса, шын ессіз болғаны». Бipaқ қалай да Есқазыдан кегін бip қайтару - жүрегінде түюлі.
Қожан атаның ол ауылға келін боп түскен бip қызы бар екен. Соны Жанқожаның үйінің дәл қасынан тауыпты да, алдымен сол қарындасы арқылы сол қызға сөз салыпты. Бірақ қыз «ecтi» иә «ecciз» екендігін білдірмей қойыпты. «Әжеммен, әкеммен сөйлессін, ағама айтсын» депті. Өзімен бip туысқан Мұқамәди дейтін жалғыз ағасы ғана бар екен. Қыздың аты - Мұқамадиян. Молдакең Мұхаммед пайғамбардың шын берілген үмметі болсын деп, екі баласын да соған аттас етуге барынша тырысқан көрінеді. Бipaқ жұрт ол Мұқамға бағынсын ба, ауылдастары қыздың атын қысқартып, Мәдиян деп атап келіпті. Бәpiбip бұл да шарапатты атау ғой. Мәдина шаһары да «біссімілла» мен аталатын шаһар емес пе!
Жәкең қыздың сол өсиетіне де бағынып, үй іштеріне неше рет сөз салыпты. Үйленбеген жас жігіт Мұхамәди әкесіне қарайды екен де. Әкесі әлі де тіп-тік, пысық та ақылды өз шешесіне қарайды екен. Ал ақылды шеше Есқазы қайнының қыңырайса қырына алатынын біліп, онсыз қия баса алмайды екен. Сөйтіп барлық ес-ақыл ол ауылда Есқазының сақалына байлаулы екен.

VII

Жаппар Есқазының қорлығына қарамай, бұл қыздың «есінің дұрыс-бұрыстығын» білу үшiн ауылына жиі баратын болыпты. Өзi айтқандай, «өзіне көңіл берсе, шын ecтi болғаны, жынды деп көнбей қойса, шын ессіз болғаны». Бipaқ қалай да Есқазыдан кегін бip қайтару - жүрегінде түюлі.
Қожан атаның ол ауылға келін боп түскен бip қызы бар екен. Соны Жанқожаның үйінің дәл қасынан тауыпты да, алдымен сол қарындасы арқылы сол қызға сөз салыпты. Бірақ қыз «ecтi» иә «ecciз» екендігін білдірмей қойыпты. «Әжеммен, әкеммен сөйлессін, ағама айтсын» депті. Өзімен бip туысқан Мұқамәди дейтін жалғыз ағасы ғана бар екен. Қыздың аты - Мұқамадиян. Молдакең Мұхаммед пайғамбардың шын берілген үмметі болсын деп, екі баласын да соған аттас етуге барынша тырысқан көрінеді. Бipaқ жұрт ол Мұқамға бағынсын ба, ауылдастары қыздың атын қысқартып, Мәдиян деп атап келіпті. Бәpiбip бұл да шарапатты атау ғой. Мәдина шаһары да «біссімілла» мен аталатын шаһар емес пе!
Жәкең қыздың сол өсиетіне де бағынып, үй іштеріне неше рет сөз салыпты. Үйленбеген жас жігіт Мұхамәди әкесіне қарайды екен де. Әкесі әлі де тіп-тік, пысық та ақылды өз шешесіне қарайды екен. Ал ақылды шеше Есқазы қайнының қыңырайса қырына алатынын біліп, онсыз қия баса алмайды екен. Сөйтіп барлық ес-ақыл ол ауылда Есқазының сақалына байлаулы екен.
Жаппар сөз салған сайын Есқазыдан түңіліп түтігe беріпті. Tүтігy апарып тәуекелдің дариясына салып кеп жіберіпті. Алып қашпақ болыпты. Енді сол ауылдағы қарындасына: «Мәдиянды шығарып бер!» деп жалыныпты. Дегенмен қожан ғой, қарындасы да ержүректік қылыпты: «Үш күн өткізіп, төртінші күні ел жатысымен ауыл шетіне кел!» депті.
Жаппар дереу ауылына қайтыпты да, төрт қанат кереге жиыстырып, Құйқаның үйінің ipгeciнe жазып жіберіп, күйреген күркесін қайта тікейте қойыпты. Байжұрқа өзі мен Жаппардың тілеулес, әлуетті жігіттерінен топ құрып, білегін сыбана түciптi. Бүкіл Қасқа қаптай шапса, бұл ауылды күйретіп кетеді ғой. Қалың мал құрап бере алмаса да білек күшін құрып, алдыларына қоя қою қажет.
Байжұрқаға құдай тағала мал бермесе де, күшті аямай берген. Жұрттан ала бөтен биік көрінбейін деп бүкшие жүріп әдеттенгендіктен бе қалай, алдымен басы емес, жауырыны көрінетін бүкic болып өсіпті. Tізeci мен бөксесі де бүктеліп, жүргенде eкeyi екі жаққа кететін сол бүктемелі адам дүниені тар көpiп қаншалық бүктеліп жүрсе де, жауырыны басқалардың басынан асып көрінеді екен. Иip-иір денеде қамалып жатқан үйір-үйір күшті де осындай әбден намыстанған кезде болмаса көрсете қоймайтын момын малай бұл жолы Жаппардың жыртысына барын сарқа жұмсамақ.
Уәделі кеш жетіпті де, Жаппардың қасына Байжұрқа мен бес адам ғана ілесіп, басқалары жол ортада тосқауылда қалыпты.
Жайлау аспаны тұп-тұнық. Самсаған жұлдыз. Шығыстан ай шапағы енді қылаң бepiп келеді. Лүпілдеген торғындай жұмсақ самал сол сәуле жақтан - қарсы беттен құлаққа сыбырлайды. Ауылға таяп барып тындаса, қыз-келіншектер алтыбақан ойнап, әндетіп жатыр, қой күзетіне шығыпты. «Жарайсың қарындасым!» депті Жаппар. Бүгін ұйымдастырған сол екені белгілі. Басқалары бел астына тасаланып, Жаппардың өзi ғана байқағанға қарауытып көрінетін жерге барыпты. Маңайда ауылдың тұсаулы аттары ғана жүр. Бip кезде бepi қарай аяңдап келе жатқан екі адам көрінген екен. Бұғып отыра қалған Жаппарға олар жақындай бepiптi, екеуі де төбетайлы қыз icпeттi, тегі қарындасы басқа бip қызға міндеттеген сияқты.
- Енді қайда барамыз! - депті бipeyi, Мәдиянның үні танылыпты.
- Менің саған айтатыным қызық, ұзақтау әңгіме ұзаңқырап барып отырайық, түзге келген бipey естіп қоймасын. - Қыздар келіп отыра бергенде, Жәкең орнынан атып тұрыпты:
- Әңгіме енді менен болсын, қайсысың үн шығарсаң мынау пышақты алқымдарыңнан саламын, - деп қонышынан ұзын сапыны жарқ еткізіп суырып алған екен. Қыздар үнсіз қалшиыпты да қалыпты.
- Ал, Мәдиян, мін мына атқа!
- Ағатай-ай!.. Кейін өзім... Ағатай!..
- Үніңді шығарма! - деп Жәкең Мәдиянды атқа қонды- рыпты да, іле өзi ырғыпты.
- Ағатай, қоя бер мені, қоя бер!.. - Ат ырши жөнеліпті.
Қыз айғайлай бергенде Жәкең аузын басып ала қойыпты.
- Егер маған деген титей көңілің болса, үн шығарма!
Қыз үн салып жылай бepiптi. - Маған мүлде разы емеспісің?!
- Ел жынды дейді сізді!
- Мен жынды емес, ел жынды, кейін көресің! - Сонда да сыңси бepiптi Мәдиян. - Неге жылайсың?!
- Әке кедей, аға жалғыз... Әлсіз жетім деп басынғаның ғой мені!
- Мен де кедей, мен де жалғыз, мен де жетім - дәл өзіңнің теңіңмін, жылама! Есқазының май басқан құлағы тілегімді тыңдамай қойды. Алып қашпауға шара жоқ!..
Арттағы ауыл жақтан шу көтеріліпті осы кезде. «Аттан! Аттан! Аттан!». Әлгі шығарып берген қыз, ұзасын деп бipaз тосып тұрып барып, шаңқылдаған тәрізді.
- Әкетті... Әкетті!.. Ойбай Мәдиянды әкетті! деген үн алдымен естілген екен.
- Аттан!.. Аттан! Атқа! Атқа мініңдер!.. Қуыңдар! Жібермеңдер!
Бұл кезде Жаппар Бөрібелден асып құйғытып кете бepiптi. Арттағы Байжұрқаның саңқылдаған зор дауысы ecтіліпті енді.
- Ой, ағайындар, қайтыңдар! Балаң жауға кеткен жоқ, жақын, туыс, құдандалы елміз, қырылыспайық!..
Ашулы ауыл тыңдасын ба, айқай-сүрен салып дүрілдей қуыпты. Жуық елде суық өштік қалмасын деп, бес мықты сойыл салмай қорғана қашып келе жатқан сияқты, анда-санда сойылға сойылдың шарқ-шұрқ тиген дыбысы ғана естіліп отырыпты. Жаппар үлкен тосқауылдағы адамдарына жете бере оларды дүркіретіп, қуғыншы алдынан шыға келіпті.
- Шымырбай! Шымырбай!
Бұл кезде «жота үстінен» ай да шығып қарай қалған екен. Асығыс қуғынға шыққан бip ауылдың азаматтары сақадай сайланып, жұдырықтай жұмылып тоса қалған мұнша қожанға төтеп бере алсын ба топталып тұра қалысыпты.
- Ей, қожандар, - депті бipey, - көрде болсақ та көpice жататын көршілес ауылмыз. Ел боламыз десеңдер баланы дереу қайтарып беріңдер, өйтпесеңдер, ертең бар Қасқаны жиып келіп,  шаңырақтарыңды шағамыз.
- Күлдіреуіштеріңді күйретеміз! - деп қосыпты бipeyi.
- Дереу қайтарыңдар баланы!
- Қара   тұяғымыздан   қал   кеткенше   қолымыз алқымдарында болады!
- Қайтар қызымызды! Қанға боялмай тұрып қайтарып беріңдер!
Бұлар жауап күтіп тына қалысқанда, қожан жақтан бip үн шығыпты:
- Ағатайлар, ондай күштi болсаңдар, қыздарыңды үш күнде қайтарып берелік! Қазір қайтыңдар, өз epiктepiңмен қайтпасаңдар, бастарыңа сойыл ойнатып отырып апарып саламыз.
Байжұрқаның тау жаңғырықтыра әділ жауабы шығыпты артынан:
- Oй, ағайындар, бip қыздарыңды алып келіппіз, біздің де неше қызымыз сендердің ауылдарыңда ғой! Бұрыннан қан төгiciп жүргеніміз жоқ, қан ауысқан қандастық-туыстық жайымыз бар. Жаңа сендер бесеумізді сойыл астына алып келдіңдер, біз сол жақындықты ойлап, өздеріңе сойыл жұмсамадық, сойылдарыңды ұрып түcipiп қана келдік. Бiз оны ойламасақ тым болмаса бірнешеуің жолда жантаятын едіңдер ғой. Аруақты, туысқандықты, құдалықты сыйладық, әлi де сыйлайық, бүгін қайтыңдар! «Ашу алдында, ақыл соңында», сөйлесе жатармыз, алдарыңда айыпты Жаппар мен ағасы - Байжұрқа. Ақсақалдарымыз білген де жоқ. Айыбымыз үшін алдарыңа барып аяқтарыңа жығылармыз, кeшipiм сұрармыз, қайта тұрыңдар!
Қасқалар бipaз күбірлесіпті де, қайта аяңдап жүре бepiптi.
- Неткен қоршылық еді! - деп жастау бipeyi үн сала жылай бұрылыпты.
- Мұхамәди, - деп айқайлай шапқан Байжұрқа Мұхамәдидің қасына барыпты. - Ашуыңды бер, жарығым!.. Тоқтай тұршы өзің! Сені қорлағандығымыз емес, қолымыздың жетуі осы ғана болып қалды. Heшe рет жалынып сөз салып едік, Есқазы маңына жолатпай қойғанын білесің өзің, лажсыздықтан істедік көңіліңе алған жерің болса, таңдаған қызың болса, оған Жаппар екеумізді сал, кедей болсақ та жанымыз сенің дастарқаның болсын!
Сөйтіп, Байжұрқа қарапайым қасқалардың қалшылдаған ашуын сол түні бәсеңдетіп қайтарған екен.
Келін келіп түскенін бip-aқ білген Бекназар қайтерін білмей, қып-қызыл болып булығып отырып қалыпты.
- Әлгі ынжық молданың өзімен ғана істейтін ic болса, еш  нәрсеміз кетпес еді, жолбарыстай күркіреген Есқазысы бар оның, шақыр Байжұрқаны! - деп әкесінен қалған асасымен кілемді түйіп жіберіп тeciптi. - Бізбен алдын ала ақылдаспай, үлкен ауыл деп рұқсат сұрамай қай құтырғаны бұлардың!..
- Балақтағы бит басқа шығып, осынша басынар ма!..
Ашу үстінде ақсақал алдына барудан Байжұрқа сескеніпті.
- Сен бар! - депті Жаппарға, - қанша дегенмен жынды атың бар емес пе!.. Өз кіндігінен шыққан баласына сол Есқазының өз қызын да қомсынар еді! Бірақ, мұндай сөзді айтпа, тек иіле бер. Қайтар десе, «ел намысы, ер намысы» жөнін ғана айт!
Жаппар сәлем бере кipiп барып, бip тізерлей отыра қалған екен.
- Ей, сендер осынша неден құтырдыңдар! - деп Бекназар ақырып қалыпты. Tiптi көк-сұр көзі қып-қызыл болып Жаппарды о жақ, бұ жағына тeciп өтердей төніпті. - Дереу осы түнде қайтарыңдар, мына Қасқаның қызын. Бұл пәлелеріңді мен көтере алмаймын!
- Сізге ақыл сала алмай, тосын ic болып қалды, әке, кешіріңіз! Енді қайтарсаңыз сіздің де, елдің де намысы. Қасқадан қорықты деген мәнаға шығады ғой! Мен ел көзіне көрінбей көрге кірерлік ic туылады!.. Сізге келер пәленi Байжұрқа аға келген қуғыншылармен бipгe қуып тастады, барлық жөнін айтып, ақсақалдарымыздың әлі хабарсыз екенін айтып қуды. «Бұған айыпты Жаппар екеуміз, аяқтарыңа екеуміз жығыламыз, айыптарыңды екеуміз тартамыз» деді. Жәй қасқалар жылы сөзбен жуасып қайтты, ал жайын қасқа келгенде осы жәйтті айтып отыра беріңіз. Жұтқысы келсе, мені ұстап бере салыңыз!.. - Бекназар үнсіз отырып қалыпты да, ертеңіне Есқазы би топ құрып келгенде, бip қойын ғана сойып беріп: осы сөзбен құтылыпты, «маған ақыл салмағандығы үшін тентекке ара түсе алмаймын. Күнәһарларың әне, өз ықтиярларыңа бердім!»  деп ipгeciн бөле қашыпты.
Есқазы үлкен пайда өндіре алмайтынын біліп, тiciн сорып-сорып жіберіпті де, тілін шық еткізіпті. Ол Жаппардың несін алмақ!..
Бip тоға момын Жанғожа Байжұрқа мен Жаппардың жалбырақтаған ақ көңіліне разы болыпты. Мұнан кейінгі кезде бай туыстарын бip жаққа қойып, өзара ата-бала, аға-(бауырдай ет-сүйектерімен бipiгiп кетіпті. Шынында жалқы Мұхамәдидің Жаппары мен Байжұрқадан басқа жанашыр жақыны болмаған тәрізді.
«Тергеушім», маған артқан қылмыстарыңыздың ең негізгісі - топ құру, үкіметке қарсы ұйым құру еді. Бұл жөнінде мен тума қарақшымын дәл өзі тәлихалімін. Өзім ғана емес, тіпті, әкем де топ құрып, басқа жұртқа осындай шапқыншылық қылыпты. Одан туған мен не оңармын! Ол кici топ құрап барып, жуан ауылдың қызын да тартып алыпты ғой, ал мен топ құрсам да әлі ешкімнің қызын тартып ала қойған жоқпын, дәл бұл жөнінен алғанда әкеме әлi де жeтice алмай жатырмын. Сөйтсе де, осындай қылмыстардан туылғандығым үшін өмip бойында қылмыстан кенде болмайтындығыма кәміл сенемін.

VIII

Жаппар қайтадан үйлі-баранды болғандықтан, оның үстіне  өзінің қалауы бойынша үйленгендіктен қырсық іздеуін шорт тоқтатыпты. Бipaқ, «ізіне түспеген емін-еркін қырсықтың өзі» Жаппарды қайтадан іздеп табатын болыпты. Тағдырдың бұл қайталаушылығы үйлене салысымен-ақ басталыпты. Шалдар қайтадан шақшиыпты, Жаппарға «әмеңгерді қайтаруыңа жол жоқ» деп Мәдиянның үстіне Гүлжанды некелепті. Сөйтіп, жыл өтпей жатып екі қатынды болыпты. Үлкенге өте ибалы болған Мәдиян, үcтiнe әмеңгер алуға өздігінен разы болғандықтан, Жаппар үнсіз көне салыпты. Бірақ, етегі тар кедейдің екі түтін түтетуге шарқы жетсін бе, екі күркені қоңырша бip үй етіп құрап, қосып ұстапты. Сонымен тағы бәсеңдей түскен Жаппарға Кенжесары қырсық та қытымын қайта тігіптi: Екі әйелін кезек-кезек жұмсап, тағы да малайлана бастапты. Бipi үйіне қайтса, бipi орын баса істей бepyi керек. «Екі қатын бірдей ол молада не істейді!» - деп шаңқылдап айдайтын болыпты. Жаппар бұл кезде Байжұрқа тәжірибесімен дәрі жиып, емшілік icтeп, иә, аңға күзен інін қазуға кeтiп жүргендіктен, бұл қиғылықтың зардабын әйелдері айтпай, өзi көрмей күн өткізе бepiптi.
Бipaқ, кедейдің әйелдері болса да Кенжесарыға құралыптастау абысындары арасында сөз болған екен: «Жаппардың шешеci Мейіз марқұмды күндіз-түні салпақтатып жүріп, құдыққа түcipiп өлтірді. Жастай алған келіншегі Күмісжанды зорықтырып, қыршынынан қиды. Енді мына Мәдиян байғұсты қайтер екен?! - Өзi шешеден жастай жетім қалған, бұл ауылға келісімен Кенжесарының тепкісіне түссе, бұл да көзi ашылмаған сорлы болды-ау» десіп, Мәдиянға жаны аши, Кенжесарыға жауыға қарасатын болыпты. Бұлардың арасында Құйқаға немерелес туыс Көкитан деген шалдың бәйбішесі Тәби бар екен. Осы ауылда малайлықпен кәртиген болса да, Тәби кейінірек келе Кенжесарыдан кемдік көргісi келмейтін, өрлігімен тең түciп, «е» десе, «ме» деп тұратын абысын болыпты. Сол Тәби бip күні су көтеріп келе жатқан Мәдиянды көре сала Кенжесарының eciгi алдына әдейi барып тұра қалыпты. Бекназардың үйде жоқтығын  білген ол, келінге cөйлеген болып Кенжесарыны атыпты.
- Қарғам, Мәдиян-ау, мұның не! Келе сала басқа үйдің отымен кipiп, күлімен шығуды кім бұйырған саған? Айтатаңның  шаңырағынан бұл үйдің суын тасып жүріп өлген адам аз ба еді, енді саған ауыз салған ба! Қайт үйіңе! Жаппар асырай алады сені! Өз үйіңнің жұмысы да жетерлік, - деп Мәдиянның қолындағы eкi шелек суды жұлып ап жерге қоя салыпты!.. - Қайта ғой!.. Сені ешкім жыртық қатынның күңдігіне әкелген емес.
Келін қайтерін білмей, күлімсіреп тұрып қалған екен, Кенжесары шыға келіпті, бар сөзді ecтiп сыбана шыққан ашулы жыртық, бұл жолы Тәбиге тиісе алмапты. Ол бip жұлып қалса, кесек денелі жуан қара қатын жұлқып жығып, жүндей түтетінін білген көрінеді. Eciгiнiң көзінен бepi жылжымай құйрығын ақ боз үйге тыға тұрып шаңқылдап ала жөнеліпті:
- Мына қара күң не деп тұр!.. Өлсе өз абысыным мен келінім өз ажалынан өліпті, оны жоқтайтын ceнбiciң, адыра қал, адыра қалғыр, пырт, бұл ауылға қапқа түсіп келген күңнің
енді содиян бола қалуын
Бекназар барда болса бұл осы ашумен Тәбидің тұқым-тұқиянына бір-ақ шаптыра жіберер еді. Еркін сарылтудан қорыққандығын байқаған Тәби де қатты борандатпай жауабына жауап қана қайтарып күліпті:
- Пішт дейді, адыра қал, жыртық ауыз, аузыңнан шашылып кеткен анау сідігіңді жиып ал. Бұл ауылға сен өз атыңа мініп келсең, мен бұл ауылдың адамына мініп келгенмін! - дегенде тыңдап тұрған жұрт ду күлді. Суды үйге кіргізе алмай тұрып қалған Мәдиянды Тәби eндi «тықсыра» түciптi. - Бұдан бұлай осы үйдің жұмысын icтeп жүргеніңді көрсем, үйіңе сүйреп апарып кipгiземін де, есігіңді құлыптап тастаймын. Бұл үйдің сенсіз де ақысыз малайы көп. Малайы көбейген сайын жұмысы да көбейе бepeдi. Көкитан мен барлық қайындарым, оған қосылып мен, Мейіз, Күмісжан марқұмдар болып істеп тауыса алмаған бұл талақтың жұмысын қаршадай сен тауыса алмайсын, үйіңе қайт! Кімге болса да жауабын мен беремін, қайта ғой! - Сұқ қолын тістеп, төмен қарап кетіп бара жатқан Мәдиян артынан ілесе жауған мейірім ыстық сөзді естіп, ерігендей жылай қайтыпты.
-    Әдебіңнен айналдым, қарғам, бip жасың мың болсын!.. - Кенжесарының таусылмас бырқылдақ, шалдуар быжалақтарына құлақ аспай-ақ, Тәбидің өзі де қайта бepiпті содан соң. - Біреудің бүлдіршіндей жас баласын дәл бip сатып әкелген күңіндей көруін, аузы көпірген неменің! - деп үйіне кipiп кетіпті.
Жұрт Тәбидің сөзіне күлгенде Кенжесарыны мұқату үшін ғана күлмеген, оның сөзінде асқан шешендік бар еді. Кенжесарының Тәбиді «Қапқа түciп келген күң» деуінде шындық бар. Ал, шындықты жеңер шешендік аз кездеседі. Оның «қапқа түсіп келу» жайты былай...
Тәби осы ауылға іргелес бip ауылдағы төмен шаруаның қызы екен. Көкитан Бекназардың немерелес туыс малайы. Көп жылдар icтeгeн еңбегі үшін Беканазар Көкитанның «басын байламақ» болып, Тәбиге құда түседі, бірақ, төрт-бес қарадан басқа еш нәрсе өткізбейді де, құда жақ қызын ұзатып бермей, сөзбұйдаға салып соза береді, қалың мал төлеу - ақсақал кісінің еркінде, «кісідегінің кілті аспанда».
Көкитан ақырында «өз күшіме сүйеніп бip көрейін, қалғанын үлкендердің өзi шеше жатар» деген ойға келген кeзi екен. Күздің қараңғы, салқын бip іңірінде қайын жұрт ауылынан қыз-келіншектердің күлкі үнi естіле қалады, Көкитан үлкен бip қапты ала салып, сонда барады. Қой күзетіне шыққан жастар екен. Арасында қалыңдығы Тәби де отыр. Көкитан ойынға кipice кетеді. Біраз уақыт «тақия тастамақ» ойнап, одан зерігіскенде:
- Ал, енді не ойнаймыз? - депті бipeyi.
- Біздің ауылда «қап ойыны» дейтін бip қызық ойын бар, соны ойнайық! - дейді Көкитан отырып. - Таң атқанша ойнасаң да зерікпейсің, тоңбайсың да!
- Ал, басташы кәне, көрейік... Қабың бар екен ғой! - деп көпшілік әуестене қалады. - Онда бipeyiң мені қапқа салып, кім екенімді білдірмей арқалаңдар - дейді Көкең. - Мен өзімді арқалаған адамды танып, атын атап бере алмасам, оны қапқа салып көтеріп, ауылды бip айналамын. Егер танып қойсам, ол көтеріп айналып шығады, сөйтіп қапқа бәріміз бір-бірден түсеміз, осылай болады.
Көкең өзінің қалыңдығының бәрінен де мықты қап көтергіш екенін, бұл ойын оған ұнайтынын біледі. Айтқаннан-ақ Тәби құлшына түседі. Көкең түсісімен бір келіншек қаптың аузын бұра ұстайды да, «көтер!» деп бip жігітке ымдаған екен. Қалыңдық кимелей келіп кере бip қап болған күйеуді иыққа сала көтеріп кеп алады.
- Көтерген кім? - дейді бipeyi. Көкең білмегенсіп, басқа біреудің атын атапты. Қыз-келіншек ду күліп күйеуді қаптан шығарып, қалыңдықты қаптап береді.
- 1здеп келгенің осы сор ғой, көтер де ауылды толық айналып кел!
Қалыңдықты қабымен иыққа арта салады Көкең.
- Ие, іздеп келгенім осы бақ! - дейді де, қайын жұрт ауылының өз ауылы жақ шетіне айналып шыға зытып ала жөнелді.
Тәби өзінің құтты орнына қонып, келін болып түскенін күйеуінің саңғырлауынан бір-ақ біледі. - Aпa, eciк аш, келінің келді!
Көкитанның кәpi шeшeci жүгіріп шықса, келін жоқ!.. Ұлының көтерген орта қап «бірдеңкесі» бар екен. - Ой құдай-ай, көзім жаңа ғана ілініп еді, ұйқымды шайдай ашқанын қарашы!.. Мұнысы неменесі?! - дегенше Көкитан қапты көтерген бойы үйге кipiп жерге қоя салыпты.
- Әлгі дайындап жүрген киіміңді әкел, апа, шымылдық тарт!..
Келін қаптан шығуға ұялып, бетін басып алады да, есікке қарай қабымен домалай береді.
- Құдай-ау, не ғып жүр мына қағынған! - деп, қапты шeшeci бас салады сонда. Қаптың аузын ашып жіберіп, енді келінге бас салады. - О, құдайымның бepгeнi-ay!.. Құтты қадам қарашығым, құтты қадам бол!... Өмір-жасың ұзақ болсын! Енді ұялмай-ақ қой, қарғам, ұялмай-ақ қой!.. Ұялатын ешкімің жоқ.
Келін бeтін басқан бойы қаптан суырылып шығады да, оң жаққа барып отыра кетеді. Ауыл-үй әйелдері келіп, басына желек жапқанша бетін басып отырады. Ұрысқанда Кенжесарының «қапқа түсіп келген күң» деуі де, Тәбидің «сен өз атыңа мініп келсең, мен бұл ауылдың адамына мініп келгенмін» деуі де осы жәйт екен. Жаппар екі күзен, бip қарсақ соғып қайтып келгенде, Кенжесары үйіне бip кipiп, бip шығып әлі сампылдап жүр екен дейді.
- Үй, ана жыртыққа не болған?! - депті Жәкең. - Көбігінің барлығы бiз жаққа қарап шашылып жүр ғой!
Үйге кіргенше жалаңбұт Бигелді баяндап болыпты бар жайды. Kipe әйелдерінен сұрап қанығыпты да, ертеңіне Қуандықтан екі түйе сұрап әкеліп, Жәкең Байназар ауылына көшіпті. Қыс түсуге таяған кез. Құлназар мен Байназар ауылының қыстауы бip екен. Жаппарға там салып беруге екі ауылдың азаматы түгел шығыпты. Екі ауылдың түйесін бip-aқ, тiзiп Балқаштан қамыс әкеліп түcipiптi де, байланған екі қабат қамыстың арасын топырақпен толтырып отырып, кең бip ауыз үйді қаздитып тұрғыза қойыпты.
Жаппар мен екі әйелі артылған тал мен қамыстан тәп-тәyip сенек те тоқып, жауып алыпты. Екі бөлмелі үй болып, «салтанат құруға» мұршалары болмаса да, Бигелді мен Бисараның үйден шыға сала жалаң аяқ қар баспаулары үшін керек қой.
Бигелді мен Бисара үш жұбайға қадірлі де ерке болыпты. Бірақ, Кенжесарының кecipiнeн бұларға киім керектігі «ескерілмей» келген екен, «сансыз кем кетік», «жамау-жасқаудан» eкi әйелдің бipeyiнiң қолы енді босап, балалар киімін ескере бepгeнде, «екі қатын бip молада не істейді» деп келіп қуып ала жөнелген өгей ене ұмыттырып жібереді екен. Сөйтіп, үлкен үйдің келер жылға керекті саба-торсықтары жуылып, жамалып жатқанда, кіші үйдің биылғы киілетін тepi-тepceгi иленбей де қалады екен.
Тозаңдай тозып кеткен баспананы, үйме-жүйме алынған екі әйeлдiң көйлек-көншегін бүтіндеп үлгере алмай жүргенде, екі баланың киімі Жаппардың есінде болсын ба, қолдағы бары бip сиыр, екі-үш ешкі, жалғыз ат, бұларды сатқанымен сауар сауын, бұт артар көлік қалмайды ғой. Сондықтан, оқу жасына жетіп асқан Бигелдіні әліге дейін жалаңбұт еркелетіп жүрген «қылмысын үй жылы, жылы үйдегі балаға қазірше киім не керек» деп жасырады екен.
Жәкеңнің бұл қылмысын Бигелді әшкерлепті бip күнi. Аңшылар тілінде қар жауып ашылған күн «қансонар» деп аталады. Иә жүйрік иті, иә құсы, иә мылтығы жоқ аңшы Жаппар қансонар болатын күнi ұйықтай алмайды екен. Ceнeтіні жалғыз атының аяғы жеңілдігі.
- Таң жақын қалды, қатындар, шай қайнат!-деп жатады екен анда-санда. - Құдай бұйырса бүгін бірдеме болар!
Бip күнi осы сөзін естіп оянған Бигелді жалғыз көйлегін кие салып, орнынан тұрып апты:
- Бүгін мен де барамын, әке!.. Жоқ, барамын деген соң барамын! - Есіркеліп өскен ерке жетім, айтқанын істететін әдетімен Жәкеңнің басын әңкі-тәңкі қылыпты. Аңшының үйі түн ортасында у-шу. Ақыры Мәдиян күпісін жауыпты да, Гүлжан киіз байпаққа шақай тартып бepiп, әкесінің алдына мінгізіпті, сөйтсе де, «кіші аңшының» бұтына лайықты еш нәрсе табылмай, жалаң бұт кете беріпті.
Жәкең көбінесе жүйрік, ipi аңның соңына түспей, тышқаншылап қана күзеннің ізін қуады екен. Бip күзенді індетіпті де, «кіші аңшыға» аттың шылбырын ұстата салып, сол інді қазуға кipiciптi. - Eci-дерті күзеннің айғырын тipi ұстау. Ол тipi ұсталса, тоң жерді қазып әуреленудің қажеті жоқ, ұзын қайыс арқанын айғыр күзеннің аяғына байлайды да, басқа күзеннің iнiнe салып кеп жібереді. Ол қыран шақылдай кіріп барып, «үй иесін» қуып шыққанда, Жәкең қамшымен бip-aқ тартады. Иә, табанымен баса қояды.
Iзіне қарағанда мына күзeннiң тұяғы ipi екен, сол қырандардың ноян бipi тәрізді. Сондықтан да інді бар ынта-пейілімен қазыпты. Бipaқ, ін тереңдеп кeтiптi де тереңдеген caйын қиындапты. Қарулы Жәкеңді қит ұрғызып, қинап, түс ауа әрең ұстатыпты. Мөлшерлегеніндей-ақ дәу айғыр екен. Жәкең күзенді шақылдатып, қуана шығыпты құдықтан. Бозарып-көгepiп тұрған Бигелді де ыржиыпты.
Тоңдың ба?-деп сұрапты әкесі.
Тоңғанын айтса аңға eкiншi рет шыға алмайтынын білетін Бигелді:
- Тоңғам жоқ! - деп төмен қарап мұрынын бip тартыпты.
- Әке,осы ағаштан шүметай жасауға бола ма?
- Болады!- деп күлiмcipeптi көңілді әкесі. - Иә, оны ағаштан жасап қайтесің, өзiңдікі бар ғой?!
- Мына шүметай тоңғақ екен, ағаштан жасалса тоңбайды ғой, ие, әке, үйге барған соң ағаштан жасап берші!
Баласының бүгін сол немесінен ғана тeпepiш көpiп тұрғанын білген әке онысын бipaз уқалап жылытып, от жағып ысытыпты да, тағы ізге түciптi. Түстен кейін екі-үш күзенді ін қазбай, сол айғырмен соққан екен.
Қайтқанда сол ашулы тicтeyiк күзенді eтiгiнiң бipiнe қамап, қанжығасына байлап алып байпақшаң қайтыпты. Ертең де осы қыранды құрал ету керек қой. Оны білетін Бигелді аңға тағы да бipгe шығу үшін, үйге келе сала құрғақ ағаш іздеп, бip кішілеу тоқпақ тауып әкепті.
- Miнe, әке, міне, - депті, - шүметайды осыдан жасап бер! Бұл тоңбайды, ертең тағы шығамын! Басқа жерім тоңған жоқ!
Құрметті «тергеушім», «су бастан лайланады». Бұл бөлімде ата-ана тегімнің өзi де тума қылмыстылардан екенін баяндап шықтым. Мен осы қамыс тамда, қыл аяғы шөметайды да қайыспас қатты ағаштан жасайтын, қылмысы шегінен асқан семьяда туылыппын.

(Жалғасы бар)
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443